Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Коронавирус 2847 11 пікір 17 Наурыз, 2020 сағат 09:56

Бүгін тағы үш адамнан коронавирус анықталды

Елімізде тағы үш адамнан коронавирус анықталды. Олар Алматыда. Бұл туралы ҚР ДСМ Қызмет, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитеті мәлімдеді.

"2020 жылдың 17 наурызындағы, сағат 09:00 бойынша коронавируске қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы. Алматыда тағы үш адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", делінген хабарламада.

Бірінші адам - 2018 жылы туған қыз бала. Ол 13 наурыз күні Берлин-Минск-Алматы рейсімен ұшып келген. Қазір Алматыда Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында.

Екінші адам - 1966 жылы туған ер адам. Ол 10 наурыз күні Мәскеуден ұшып келген.

Үшінші адам - 1956 жылы туған ер адам. Ол да Мәскеуден ұшып келген.

Қауіпті вирус қазіргі таңда Қазақстан аумағында 13 адамнан анықталды. Олардың 11-і Алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтанда.

Коронавирус белгілері анықталған тағы бір қазақстандық Германияда емделіп жатыр.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2075
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2500
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2119
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1611