Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 5131 6 пікір 16 Наурыз, 2020 сағат 13:13

Теңгені әрі қарай ұстап тұруға Ұлттық банктің қауқары жетпейді

Қазақстанның Ұлттық банкі бүгіннен бастап, теңгені еркін айналымға жіберіп отыр. Ол дегеніміз курстың құнын анықтауға және ұстап тұру үшін өктемділік саясатының жүргізілмейтіндігін білдіреді.

Өткен аптада-ақ Ұлттық банк курсты ұстап тұрамыз, ол үшін біздің резервтеріміз жеткілікті деп мәлімдеген болатын. Шындап келгенде алтын резерв қорының 70%-ы алтыннан тұрғандықтан. Шет елдік валютаның резервтегі үлесінің жеткіліксіздігін айғақтайды.

Демек әрі қарай теңгені ұстап тұруға Ұлттық банктің қауқары жетпейді, енді нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде теңгенің нақты нарықтық бағасы анықталатын болады. Тек бұл арада спекулянттарға жол берілмеуі қажет. Себебі бұл жағдай, әлсіз теңге экспорттаушылар үшін, яғни мұнайлы компаниялар үшін тиімді.

Өткен аптада АҚШ Федералды резервтік жүйесі қысқа мерзімді өтімділікті 1,5 трлн. АҚШ долларға беруді және кеше кезектен тыс доллардың кілтті пайыздық мөлшерлемесін 0-0,25% дейін төмендетіп, экономиканы қолдау және мүмкін құлдырау салдарын азайту үшін жалпы сомасы 700 млрд. АҚШ долл.бөліп, сандық жеңілдетілген (QE - quantitative easing) бағдарламаны жариялады.

АҚШ Федералды Резервтер Жүйесі үй шаруашылығын және бизнесті несиелендіруді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ жұмысбастылықты және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық құралдарын қолдануға даярлығын мәлімдеді.

Ал бізде керісінше базалық пайыз 12-ге дейін көтеріліп отыр. Ол дегеніміз үй шаруашылығы мен бизнеске берілетін несиелердің қымбаттап жатқанын көрсетеді. Қазір короновирустың елімізде пайда болуына байланысты жасалған төтенше жағдай бизнестің табысын ортайтып отыр, олардың бүгінге дейін алып отырған несиелерін төлеуге байланысты коникул жарияланса игі еді.

Сондай-ақ бизнес үшін арзан ақшаның төмен пайызды несиенің қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет. Ал азаматтардың теңгенің құнсыздануына байланысты ортайып жатқан жалақыларын өсіру қажет, әйтпесе халықтың төлемқабілеттілігі төмендеп барады.

Мақсат Халықтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

6 пікір