Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
46 - сөз 3782 2 пікір 16 Наурыз, 2020 сағат 12:59

Ел екенімізді көрсетейікші, ағайын!

Болат Атабаевтың қазақтағы өзіндік қолтаңбасы бар реформатор-режиссер екенін театр саласындағы өнерге қатысы бар адамдар өте жақсы біледі. Өнердің нағыз жанашыры екендігі өз алдына, Болат ағаның ұстанымынан айнымайтын, көзқарасын ашық білдіріп, пікірін қаймықпай айтатын бірсөзді адам екендігі күні кешегі Жаңаөзендегі оқиғада ең бірінші үн қатқанынан көрінген. Ол халыққа қарсы оқ атылғандарға араша түсіп, болашағымыз үшін алаңдай білді. Театрмен «ауырған», өнер үшін жанын беретін шығармашылық адамының саясатта несі бар еді дерсіз, бәлкім!?

Қоғамдағы теңсіздік ащы тілін, азаматтық үнін шығарды. Әділетсіздігі басымдау қоғамда өмір сүріп жатқан адам ретінде Болат аға да өзінің ой-пікірін білдіруге қақысы бар, айыбы – сол ғана. Ерегессе ел үшін, айтысса, ақиқат үшін арпалысты. Ол кісі біздегі талай актерлердің өнерде бағын ашқан, менің де нағыз актер болып қалыптасуыма үлкен еңбегін сіңірген. Ал ақиқаты – дарынды режиссердің өз көзқарасын білдіргені үшін ғана қудалауға ұшырағанынан театр өнері ақсады, театр саласына қиянат жасалды!

Болат ағаның бір ғана ел астанасының Арқа төсіне қоныс аударып, елордамыз Астана атанған тұста қойған «Абылай хан» спектакльі көптің көңілінде қалғанын, бар қазақты таңғалдырғанын өнерге жеңіл-желпі қарайтындар оп-оңай естен шығарғанымен, режиссер еңбегін шынайы бағалағандар әлі ұмытқан жоқ. Абыз Әбіш те (Кекілбаев), Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та Атабаевтың осы еңбегін бағалап, ризашылығын білдірген сол кезде. Кешегі өткен Абылай ханмен байланыстырып сондай тың дүние әрі ұмытылмайтын ғажап қойылым жасаған Болат ағаның ойындағысын ашық айтқаны үшін ғана шетке кеткені, неміс театрында жұмыс істеуге мәжбүр болғаны – (ұғатындарға) ұлттығымызға сын.

Болат аға жайлы да «Өмір естелігімен қымбат» атты тұрақты түрде оқырманға ұсынылып жүрген жинағыма жазылғанымен әлі жарияланбаған еді. Дәл бүгінгі күні ағаның денсаулығы сыр беріп, ауыр халде ауруханада жатқанын ести сала шамамыз жеткенінше қаржы жинауды бастадық. Өзін батыл һәм өр мінезімен ғана танытқан абзал жанның ешкімнен осы уақытқа дейін көмек сұрамағаны да намысты азамат екенін көрсетті. Сол себепті қазақтың жанашыр қалталы азаматтары да біздің бір жағымызға шықса екен, көмектессе екен деген өтінішім бар. Өйткені театр саласына бергенінен берері таусылмаған Болат ағаны ендігі жерде өзі аз қазаққа керексіз деуге болмайды. Жұдырықтай жұмылып бар екенімізді, ел екенімізді, мейірімнен ада қалмаған қазақ екенімізді көрсетейікші, ағайын!

P.S.Болат Атабаевқа қаржылай көмектесу жолдары автордың әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетілген

Бекжан Тұрыс 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2080
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2504
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2145
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612