Дүйсенбі, 6 Желтоқсан 2021
Жаңалықтар 2367 0 пікір 1 Қазан, 2011 сағат 12:25

«Шіріген жұмыртқа» сыйлығының жаңа үміткерлері және көлік кедергілері

Аян Бауыржантегі. Тіл жанашырларын жаяу қалдыруға тырысып жатқан кімдер?

Қалалық бағыттағы автобустардың бірінде кондуктор болып қызмет атқаратын досым хабарласып, ертең қалада митинг болуы мүмкін сондықтанда таңғы сағат 9-00 мен 12-00дің аралығында  Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінен өтетін автобустар бағытын барынша қысқарту керектігі жөнінде жоғарғы жақтан тапсырма келгенін, сол себептен жұмыстың негізі сағат 13-00ден кейін басталатынын жеткізген автобус паркінің басшылығы шұғыл жиналыста осындай  хабар бергенін айтты. Енді Абай даңғылымен Алтынсарин көшесінің қиылысынан қандай автобустар өтеді? Соған назар аударайық 35, 92, 112, 45, 25, 118, 37, 105 сынды автобустардың жүрмеуі немесе өте сирек жүруі мүмкін. Жоғарғы жаққа өз қызметі деңгейінде жағынуға тырысқандардың қатарын бұл жолы қай «бастық» толықтырды екен.

Ректорлардың жатақханаларға күзетті күшейткенін, студент-жастарды қала сыртында өтетін жоспарланбаған фестивалға әкетінін естіп, таң қалған едік. Ал, енді мына сұмдық жағдайды естіп жағамызды ұстадық. Мемлекеттік тілді қолдау әрбір адамның азаматтық борышы емес пе? Мұндай лас істерді ұйымдастырып отырған кімдер?

«Абай-ақпарат»

«Шіріген жұмыртқа» сыйлығының жаңа үміткерлері

«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысы қазақ тіліне қарсы шыққандарға арнап «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын тағайындағаны белгілі. Бүгін  сыйлыққа кезекті кандидаттар анықталып отыр. Олар Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхаммет Ертісбаев пен шығармаларын орыс тілінде жазатын, ана тілін менсінбейтін жазушы   Дүйсенбек Нақыпов және мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеев.

Ертісбаев «қазақстандық ұлт» идеясының белді қолдаушысы ретінде бұған дейін де танылған. «138-дің хаты» жарияланған тұста да үндемей, қарсы сөз айтпай отыра алмаған азаматтардың бірі осы космополит. Осындай дара қылықтары үшін Ертісбаев көпшіліктің арасында Иртышбаев деп аталып кеткен. Ұлттық мүддеге қарсылығымен  жұрт назарын өзіне аударған Президент кеңесшісін «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына ұсынбау мүлде ұят сияқты.

«Правда Казахстана» басылымының бетіне ұлт, тіл мүддесіне қарсы жұмыс істеп жүрген Дүйсенбек Нақыпов мырза да қалың бұқараның сын садағына қазақ тілін қорғаушыларға қарсы ауыр сын айтамын деп іліккен. Ол «Кому нужен разрушенный Вавилон?» атты мақаласында  «Не знаю, какой бес попутал Мухтара Шаханова, но я по-настоящему поражен его популисткому шедевру. Никто не оспаривает значения поэзии почтенного мэтра, однако стоит задуматься о причинах, побудивших его инициировать это странное, чтобы не сказать антиконституционное письмо» деп буынсыз жерге пышақ  ұрғанын қалың оқырман оқыды. Онысымен өзін толерантты қоғамның жаршысы ғып көрсеткісі келетін автор елдегі ұлтаралық катынасты тіліне қайта-қайта тиек еткен еді. Дүйсенбек Нақыпов мырзаға Ардақ Нұрғайдар есімді бауырымыз «Абай.кз» сайтында жауап жазған да еді.(http://old.abai.kz/content/ardak-nyrgaidar-ashyk-khat-kimderdin-kytygyna-tiip-zhatyr). Өз қағынан жеріген Дүйсенбек мырза да «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын иеленуге талапкер кандидаттар қатарына енуге әбден лайық.

Ұлт зиялыларының қазақ тіліне қатысты ашық хатына қос қолын көтеріп қарсы болған мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеев те «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына үміткерлердің қатарында. "Для меня спокойствие в стране прежде всего. (...) Я лично считаю, что русскоязычное население будет выступать против",- деген мәжіліс депутаты орыстілді қауым наразылығын алғашқы болып тұтандырды. Біз Мұхтар Тінекеевке орыстілді азаматтардың қандай алғыс айтқанын білмейміз, ал біз, қазақ тілді қауым оны «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына үміткерлердің қатарына қостық.

Ұйымдастыру комитеті

«Абай-ақпарат»

0 пікір