Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2332 0 пікір 10 Наурыз, 2020 сағат 13:03

Биыл мемлекеттік инвестициялар аясында 23 мың пәтер салынады

Ел тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етумен қатар тұру жайлылығын арттыру ел үкімітінің басты мақсаты әрі қызметтегі басым бағыты болып отыр. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмалар берді. Ел азаматтарын тұрғын үймен қамту бағытында сан түрлі шаралар жүргізіліп жатыр. 

Бәріміз білетіндей ел президенті «Сындарлы қоғамдық диатлог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында біркелкі тұрғын үй саясатын іске асыру керек екенін ескертіп, осы бағытта жұмыс нысанын белгілеген болатын.

Ел халқын баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттің әрқашанда тұрақты әрі маңызды міндеттерінің бірі екенін айтып жүрміз. Осы бағытта нақты шаралар да атқарылып жатыр. Мәселен, тұрғындар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру мақсатында 2017 жылдан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы қолға алынып, жүзеге асып келеді. 

Аталған бағдарламаның басты мақсаты мен ерекшелігі мемлекет бюджетінің тұрғын үй құрылысына мүмкіндігінше аз жұмасалуын жүзеге асыру болып табылады. Түсінкті етіп айтқанда, біз сөз етіп отырған мемлекеттік бағдарлама нарықтық механизм дамуын басты назарда ұстайды. Тұрғын үй құрлысы негізінен жеке инвестициялар мен халықтың жинақтарын тарту бойынша жүзеге асырылады.

Сөзіміз сұйық шықпас үшін бірқатар санды мәліметтерді дәлел ретінде ұсына кетейік. Мәселен 2019 жылы тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялар он жеті пайызға артып, бір триллион 423,1 миллиард теңгені құраған. Аталған инвестициялардың көп бөлігі біз айтып отырған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында рекордтық 13,1 миллион шаршы метрге жететін тұрғын үй кешенін пайдалануға беруге, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорын 115,8 мың тұрғын үйге көбейтуге мүмкіндік туғызды. Бұның ішінде 43,4 мың жеке үй болса, 72,4 мың пәтер көп пәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан.

Ал елдегі ең көп тұрғын үй Нұр-сұлтан қаласы (1,8 миллион шаршы метр), Алматы қаласы (2,1 миллион шаршы метр) секілді мегаполистерде және Маңғыстау облысы (1,2 миллион шаршы метр) мен Ақтөбе облысында (бір миллион шаршы метр) салынған болатын. Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Атырау, Жамбыл және Қызылорда облысы аумақтарында жеке құрылыс нысандарын салу басым екенін айта кеткеніміз жөн. Бұл өңірлерде жылдық жоспар белгіленген құрлыс қарқынын арттыру арқылы орындалды деп санауға болады. 

Баста айтқанымыздай халықтың тұрғын үй мәселелері ел үкіметінің басым міндеттерінің бірі. Қазір қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері бойынша әр түрлі табыс табатын, барлық қазақстандықтар үшін баспанаға қол жеткізуге мүмкіндіктер бар. Азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жоспарын отыз шаршы метрге дейін көбейту бағытында 2030 жылы жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру мөлшерін жыл сайын 8-10 пайызға арттыру жоспарланып отыр.

Өткен жылы мемлекеттік бюджет қаражаты арқылы сатып алу құқығынсыз 796,9 мың шаршы метр тұрғын жайлар салынды. Бұл дегеніміз 13 954 пәтерді құрайды.

Енді салынған бұл тұрғын үйлер кімдерге арналғанын баяндайық:

Біріншіден бұл баспаналардың ішінде ел халқының әлеуметтік осал топтары үшін 283,6 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 5 901 пәтер қарастырылған;

Екінші, бұл үйлердің аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін салынғаны 378,7 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 523 пәтер. Бұған қоса барлық қаржыландыру есебі бойынша 7 387 көпбалалы отбасы баспанаға қол жеткізді.

Үшінші, бұл тұрғын үйлердің 134,6 мың шаршы метрі немесе 2 530 пәтер елдегі жұмыс істейтін жастар үшін салынды.

Әр облыстардың, сонымен қатар Алматы, Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларының құнды қағаздарын шығару арқылы 633,0 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үй немесе 10 600 пәтер салынғанын да айта кету керек. Ал биыл жоғарыда аталған қаржыландырудың барша көздері арқылы 15 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй (бұл 150 мың тұрғын үй) салу жоспары дайын тұр. Бұның 1,3 миллион шаршы метр тұрғын үйі (бұл 23 мың пәтер). мемлекеттік инвестициялар шеңберінде жүзеге асады. 

Ал біз сөз етіп отырған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі жайлы айтсақ, бұл бағдарлама аясында салынған тұрғын үйлер орта есеппен мемлекеттік инвестициялардан 1 теңге, ал жеке инвестициялар тартылуы бойынша 5 теңгені құрайды. Сонымен қатар, "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық қолдау арқылы қамтамасыз етілетін де айта кетейік. Бұнда:

Біріншіден, 12,7 мың отбасы немесе 709,8 мың шаршы метр тұрғын үй сатып алу құқығынан сырт жалға берілетін тұрғын үймен қамтылады. Атап айтқанда, 274,2 мың шаршы метр тұрғын үй немессе 5,6 мың пәтер ел халқының әлеуметтік осал топтарына бөлінеді. Ал 395,6 мың шаршы метр тұрғын үй немессе алты мыңнан астам пәтер көпбалалы отбасыларға беріледі. Сонымен қатар, биыл тағы қосымша қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Бұл сома тағы да төрт мың көпбалалы отбасыны жалға берілетін баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.

Осылайша, 2020 жылы он мың көпбалалы отбасыны баспанамен қамту жоспаланған. Сонымен қатар, қырық мың шаршы метр мөлшерінде бір мың жалға берілетін баспаналар Алматы, Нұр - сұлтан және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастардың тұрғын үйге қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек қазіргі таңда тағы да қосымша қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Осы арқылы биыл үш мың жұмыс істейтін жасты жалға берілетін баспаналармен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, қалалық әкімдіктердің құнды қағаздарын шығару және 625,8 мың шаршы метр тұрғын үй есебінен 10,4 мың кредиттік пәтер сатып алуға шығарылады. Бұл жұмыстың жүзеге асуына "ҚТҚЖБ" акционерлік қоғамның жауапты қызметі оң ықпал көрсетеді деп күтілуде. Сонымен қатар, 10,6 мың несиелік пәтер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары және "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін салынатын болады.

Ал аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеңілдетілген қарыз алуға берген бес мың өтінімі мақұлданған болатын. Бұның ішінде 4,2 мыңнан астам көпбалалы және толық емес отбасылар мен үйінде мүгедек балалары бар отбасылар екі пайыздық несиелер алды. Сонымен қатар, он төрт мың тұрғын "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы арқылы баспаналарының жағдайын жақсартты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2144
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2349
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1657