Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2236 1 пікір 9 Наурыз, 2020 сағат 12:36

Ресейде 8 наурызда жүздеген адам саяси акцияға шықты

8 наурызда Ресейдің бірнеше ірі қалаларында әйелдер құқығын қорғап және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтті.

Мәскеудің гайд-паркіне жиналғандар "8 наурызды дұрыс атап өтеміз" деген ұранмен шыққан. Акцияға жүздеген адам жиналып, әйелдерді кемсітуге, сексизмге, тұрмыстық зорлыққа және әлімжеттікке қарсы сөз сөйлеп, апалы-сіңлілі Хачатуряндар мен Юлия Цветкованы босатуды талап етті. Сонымен бірге ЛГБТ ізіне түсуді доғаруды талап етті.

Куәгерлер митинг болған алаңды темірмен қоршап, ішіне тек тексеріліп кіргізгенін айтады. Екі жүзге жуық адам арнайы құрылғыдан тексеріліп өту үшін кезекте тұрған. Бұл біраз уақыт алған.

Акцияға сонымен бірге Кремльді қолдайтын "НОД" ұйымы да барған. Бірақ кейін қайтып кеткен.

Санкт-Петербургте "Восьмая инициативная группа" қозғалысы да пикет өткізді. Акцияға қатысушылар "Өзіңді сүю – бұл революция", "Зорлық – отбасылық құндылық емес", "Әйел саяси тұтқындарға бостандық" деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды.

Акция сонымен бірге Новосибирск, Красноярск және Тюмень қалаларында да өтті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2047
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2478
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2063
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1598