Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2869 0 пікір 5 Наурыз, 2020 сағат 17:06

БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Перес де Куэльяр қайтыс болды

БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы, Перудің бұрынғы премьер-министрі Хавьер Перес де Куэльяр 101 жасында Лимада қайтыс болды. Бұл туралы Andina агенттігі хабарлады.

Де Куэльяр 1940 жылы Перудің сыртқы істер министрлігінде жұмыс істей бастады, Перу делегациясы құрамында БҰҰ-ның алғашқы сессиясына қатысты. Швейцариядағы, КСРО-дағы, Польшадағы және Венесуэладағы елші қызметтерін атқарды.

1975 жылы ол бас хатшының Кипрдегі арнайы өкілі болып тағайындалды. БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары болды. 1981 жылы БҰҰ атынан Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты.

1982 жылы ол БҰҰ Бас хатшысы болып сайланды. Бұл қызметті ол 1991 жылға дейін атқарды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2049
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2480
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2067
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1599