Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
46 - сөз 10565 33 пікір 5 Наурыз, 2020 сағат 12:27

Полиция халықтың жағында болатын уақыт жетті!

Министр мырза, митингтерді полицияның ғана күшімен тоқтату мүмкін емес!

Сіздер, өздеріңіздің ұшқыр әдістеріңізбен, бұл мәселені асқындырып отырсыздар. Сіздердің әдіс- тәсілдеріңіз, митингіге деген, басқа, тыныш жүрген, азаматтардың қызығушылығын арттыруға қабілетті.

Митингілерді тоқтату үшін елімізде әлеуметтік модернизация мәселесін шешіп, саяси аренада жаңа буынның келуін қамтамассыз ету керек.
Демократиялық жүйе орнатып, адамдардың ойын еркін жеткізуге талпыныс жасау өзекті.

Менің ойымша, сол келісілмеген митингілерге келген адамдарға өз ойын жеткізуге мүмкіндік берсе, ешкімнің "көзі шығып, мұрны бұзылмайды".
Полицейлерге халыққа деген мейірбандық пен адамгершілік жөнінде курстар өту керек тәрізді.

Біздің халық сол полицейлерге біреу тиісіп жатқанда, әрқашан полиция жағында болады. Халықтың шынайы қорғаны болатын уақыт жетті!
Сіздің ведомство заңды адам құқына қарсы пайдалануды доғаруы керек.
Полиция жандарм емес, азаматтардың тыныштығы мен құқын қорғайтын орган.

Осыны ұмытпаған жөн.

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

33 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2442
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2030
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587