Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
46 - сөз 4089 0 пікір 4 Наурыз, 2020 сағат 09:52

Интернетте не сатуға болады?

Интернетте не сатсам болады? Не ұсынсам болады? Бағасы қанша болғаны дұрыс? Осы және басқа да сұрақтарға жауап беріп, оған қоса суреттегі статистиканы тәпсірлеп жіберейін.

Интернеттен сауда жасайтын xалықтың 50% бөлігі киім-кеншек пен спорт тауарларын сатып алады екен, себебі ұсыныс та, сұраныс та көп. 20% - азық-түлік, бұл да түсінікті.

16.5% - кітапқа мұншалықты сұраныс көп деп ойламаппын, интернеттен сауда жасайтын 6 адамның біреуі оқырман болса, болашағымыз жарқын екен. 15.6% - дәрі-дәрмек, бұл да таңқалдырарлық әрі ойланарлық статистика. 8.9% - компьютерлік тауарлар, бұның аз болуын шыны керек түсінбедім, маркетинг деген сондай қызық сала, сенің болжамың статистикамен сәйкес келе бермеуі мүмкін.

Біздің xалықтың жағдайына қарап, интернет сауда жасаушы аудиторияның 50% бөлігі 5000-25000 тг аралығында екенін бұрыннан білуші едім. Осыған сәйкес біздегі ең төмен курс 6000 тг, ал ең жоғарысы 20 000 тг. Демек статистикадағы 50%-дың ойын дәл тапқанбыз. Енді 50 000 теңгеге дейін төлей алатын адамдар саны 30-40% жетсе, халықтың интернет сауда, электрон коммерция бойынша сауаты артқанын білдіреді.

Немен айналысуды білмей жүрсеңіздер, осындай статистикаларды ақтарыңыздар. Әлемнің өзі цифрдан құралған. Цифр - сізге біраз нәрседен xабар береді.

Нұрлан Жанайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2020
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2022
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587