Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Ақмылтық 6159 39 пікір 2 Наурыз, 2020 сағат 12:01

Билік неге саяси қозғалыстардан қорқады?

Билік қазақ тілді қозғалыстардан әм егер құрыла қалса, түбіне жетететін қазақ тілді тәуелсіз кәсіподақтан зәресі кете қорқады. Осы қозғалыстардың және кәсіподақтың болмауына ең алдымен РФ Орталық Азиядағы орыс барлауы мүдделі. Интернетті Ресей мүддесін көздейтін тапсырыспен жазылған материалдар басып кетті. Оларға ОА автохон ұлттарының мүддесін аяққа басып комент жазатын троллдер тобы пайда болуда. 

Қазақстандық және Қазақстанға қатысты Ресей барлауының мүддесіне қызмет ететін саясаттанушылар қасарыса ауызға алмайтын бір фактор бар. Ол орыс тілді саяси қозғалыстардың өздерінің ғұмырының ақырғы күндерін бастан кешіп жатқаны. Саяси қозғалыстар «Әбілязов лаңынан» кейін қазақ тілді және орыс тілді деп қаққа жарылды. Әрі билік бұрын ешқашан қазақ тілді қозғалыс және олардың басшыларымен істес болып көрген жоқ. Тіпті ондай қозғалыс құрыла қалса, көзге ілмеуді дағыдыға айналдырды. 

Қордай жарасының аузы ашылуы бәрін өзгертті. 

Ресей барлауы өмірде болуға тиіс қазақ ұлтшылдарынан тұратын қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды ешқашан «казахские националисты» деп атамайды. Қайта «нацпат», «диванный батыры» және «казахофашисты» деген нелогизмдерді қолданып, өздерінің сөзін сөйлейтін орыс тілді билік пен орыс тілді отандастарымызды өз пайдасына қызмет еткізе бастады. Бұл – қауіпті үрдіс.

Қазақстанға өз тәуелсіздігін алған шақта орыс тілді бюрократтық аппарат және кәсіподақ пен қоғамдық қозғалыстар мұраға қалды. Бұдан арылуымызға 30 жылдай уақыт керек болды. Енді қазақ тілді қоғамдық қозғалыстар өмірге келген шақта өз қауіпсіздік органдарымыз бен орыс барлауы олардың арасына жік салып, ел аузында жүрген азаматтарды айкәпір етуге кірісті. Ең бірінші соққы – Қосановқа берілді. Өйткені, Қосанов ел президентін сайлауда Тәуелсіз тарихымызда бірінші рет қазақ тілді қозғалыс ұсынды. Қосановты ағаш атқа мінгізу науқаны орыс тілді билік пен орыс барлауының пайдасына шешіліп қазақ тілділер алданып қалды. Асыл азаматқа нақақ күйе жағылды. Бірақ Әміржан ағамыз ел не десе о десін, бірінші рет ел мен жер иесі нағыз қазақтар президентке ұсынған саяси тұлға ретінде тарихта қалады. Бұны – Қосановтан ешкім тартып ала алмайды.

Қазір қоғамдық қозғалыстар қазақ саны басым болғанымен орыс тілі үстемдік ететін қалаларда өз наразылығын білдіріп жатыр. Керек десеңіз оны ұйымдастырушылар бізге ешкім қосылмайды деген ойбайға басады. Иә, бұл қалалардағы қазақ белсенділігі төмен. Керісінше орыс тілділер белсенділігі басым. Өйткені, барлық үкіметтік емес ұйымдар орыс тілді. Ал, қазақы қалалардағы жергілікті ұлтты саяси өмірге араластыру енді қолға алына бастады. Міне, билік қазақы ортадағы саяси қозғалыстардан қорқады. 

Қазақстанда нағыз алаштық демократияны қазақ тілді ортадағы қазақи қозғалыстар ғана орната алады. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы протестер еш нәтиже бере алмайды. Өйткені, қазақ қанша басым болғанымен саяси өмірі орыс тілді орта. Жаңаөзенде неге оқ атылды? Ақтоғайда неге қытай сабалды? Дүңгендер неге сазасын алды? т.с.с. Осы сұрақтарға әзірше билік тарапынан жауап жоқ. Себебі оларда ешбір диаспора алмастырылмай тек қазақ мүддесі еш саяси реңксіз әлеуметтік-экономикалық жақтан көтерілді. Оған бір жақты қылмыстық реңк беруді доғаратын кез келді. 

Билік қазақ тілді ортадағы қазақ тілді қозғалыспен санасуға тиіс. Қазақ тілділер қозғалысы биліктің «Біз көпұлтты мемлекетпіз» деген даңғазадан арылып, өздеріне қатысты жаңаша саяси бағыт ұстану талап етеді. Бірақ біздің жалтақой билік орын алып жатқан қазақ тілділер қозғалысы саяси факторымен санаса ма екен? 

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

39 пікір