Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 4694 17 пікір 28 Ақпан, 2020 сағат 13:41

Билік халықпен санаса білуі тиіс

Бейбіт митингсіз азаматтық қоғам жоқ. Әскери-полициялық казармалық саяси жүйе қалыптастырған ешбір ел дамымайды, құрдымға кетеді, оның соңы қарулы қақтығысқа, азаматтық соғысқа итермелеуі ықтимал.

Еліміздің бейбіт те мамыражай өмір сүруіне бәріміз де аса мүдделіміз. Олай болса, халықтың сөзі мен талаптарына құлақ асқан, өз азаматтарымен тіл табыса алған, олармен салмақты диалог құрып, мәмілеге келген, қоғамдағы еркін ой-пікірмен әрдайым санасқан ашық, жариялы саяси билік қана өз ғұмырын ұзарта алады. Халықтың биліктен талап ететін дүниесінің өзі соншалықты күрделі орындалуы қиын нәрсе емес. Бастысы, әлеуметтік әділеттілік, заң алдында ел азаматтарының тең болуы, ол үшін шын қылмыскердің жазадан құтылмауы, сол секілді ақ адал жандардың жазықсыз жапа шегіп, күштік құрылымдардың құрбанына айналмауы ғана керек.

Сондай-ақ ел қазынасынан әлде бір паразиттердің ортақ байлықты талан-таражға салып, тойымсыз мешкей, ашкөз масылға айналмауы. Адал еңбектің ақы-қақысы қоғам дамуына қосқан үлесіне сай әділ өтелуі маңызды.

Конституция арқылы кепілдендірілген негізгі құқықтарының лайықты жүзеге асырылуын талап етуге әркімнің толықтай қақысы бар. Биліктің өзі де жиі ауызға алатын әділ сайлау өткізу, адам құқығын сақтау, сөз бостандығын қорғау, сот тәуелсіздігі мен дербестігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу секілді қоғамдағы қордаланған проблемаларды халық бейбіт митингтер арқылы көтеруге тырысады. Ал, сол бейбіт халықтың үнін өшіру үшін полиция мен арнайы жасақтың ешбір қылмысы жоқ, ешқандай қару-жарақсыз азаматтарға орынсыз соқтығып, қолдарын қайырып, 3-4-ден жабылып көтере кетіп автозактарға тиейтіні несі?! Мұндай зорлық-зомбылық құл иелену қоғамы немесе феодализмде де болмаған шығар.

Полицияның миссиясы - бейбіт митинг пен халық шерулерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана. Ал, біздің елде мүлде олай емес. Керісінше, өз халқына қырғидай тиіп қорлауға көшеді. Онысы аз болғандай түн ортасында өз үйінде тыныш ұйықтап жатқан адамды заңсыз ұстап әкетіп өлтіре салатын болды.

Халықты бұлай ашындырып, өзіне деген наразылықты өршітудің соңы биліктің өзіне шығарған қатал үкіміне айналып кетуі бек мүмкін. Қатыгез билеушілердің ұшпаққа шыққаны тарихта жоқ. Өз кезегінде азаматтық қоғам да митинг мәдениетін меңгеруге ұмтылғаны абзал. Қазіргідей стихиялы түрде емес, өркениетті елдердегідей алдын ала дайындықпен, күнтәртібін белгілеп, бекітіп, ой пікірлерін еркін білдірумен қатар алып шығатын лозунг ұрандарын да көтеретін мәселлерінің мазмұнына сай ету т.с.с

Әрине, бүгінге дейін көшеге шыққан халық әдептен озған жоқ. Тәртіп бұзып, ештеңе бүлдірген жоқ. Керісінше, арнайы жасақ пен полиция бейбіт халықтың берекесін алып орынсыз мазалап, құқтарын бұзып жатыр.

Билік өз халқын бұлайша басынуына еш болмайды, сый-құрмет көрсетулері керек, санаса білулері тиіс.

Қуандық Шамахайұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 329
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 163
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 168
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 167