Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2533 3 пікір 28 Ақпан, 2020 сағат 10:50

Елімізде автомобиль экспорты бір жылда 10 есеге өсті

2019 жылы Қазақстанда машина жасау саласындағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 26 пайызды құрады. Мұндай статистиканы Қазақстандық автобизнес ассоциациясы (ҚАБА) ұсынып отыр. 

Қазақстанда атомобиль экспорты бір жылдың ішінде 10 есеге өскен. Былтыр 3 мыңға жуық автомобиль экспортталған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 10 есеге көп. Жалпы алғанда 2019 жылы 13,2 млрд теңгеге 2 629 автомобиль (JAC, Hyundai және Ravon) сыртқа шығарылған.

Нақтырақ айтсақ, 1471 - JAC , 716 - Hyundai , 442 - Ravon маркалы автомобиль экспортталған. JAC маркалы автомобиль экпортталғандардың арасында танымал. Ал Hyundai маркалы көлігі - екінші орында, Ravon - үшінші орында.

2019 жылы Қазақстан аумағында жалпы құны 359,5 млрд теңге болатын 50 447 техникалық құрал өндірілді. Бұл 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 76,6 пайызға артық.

"Сарыарқаавтопром", "Азия авто" және  "Семаз" - Қазақстандағы автомобиль өндіруші ТОП-3 компанияның қатарына кіріп отыр. "Сарыарқаавтопром" компаниясы жалпы құны 186,6 млрд теңгені құрайтын 25 802 техникалық құрал өндірген. Екінші орындағы "Азия авто" компаниясы 108,2 млрд теңгеге 20 мың техникалық құрал-жабдық жасап шығарған. Сонымен қатар "Семаз" компаниясы 18,4 млрд теңгеге 1 851 техникалық құрал-жабдық өндірді. Ол сонымен қатар айта кету керек, елдегі техникалық құрал жабдық өндіретін басқа компаниялар 46,6 млрд теңгеге 2 794 құрал-жабдық өндірген.

Сонымен бірге Қазақстандағы автомобиль сатылымына назар аударсақ, 2019 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда желтоқсан айында автомобиль сатылымы екі есеге өскен. Мысалы, 2019 жылдың бірінші айында 4444 автобиль сатылған болса, желтоқсанда 8428-ге жеткен.  Жылдың бірінші тоқсанында тек ақпан айында ғана автомобиль саудасы төмендеген. Ал тамыз, қыркүйек айларында да автомобиль сатып алу көрсеткіші азайған. Қазан айынан бастап көреткіш өсе бастаған.

Ал осы жылдың қаңтар айына тоқталсақ, өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда автомобиль сатылымы 20 пайызға артқан. Қазақстандық автобизнес ассоциациясының мәліметінше, өткен айда дилерлер 5 мыңға жуық жеңіл автокөліктер мен жеңіл коммерциялық автомобильдерді сатқан. Сонымен қатар, 393 жүк көлігі мен автобус сатылған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 495
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 260
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 284
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 281