Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2843 0 пікір 27 Қыркүйек, 2011 сағат 05:06

Шығыс Қазақстанда күйдіргі ауруына байланысты 19 адам санитарлық бақылауға алынды

Өскемен. 26 қырқүйек. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында күйдіргі ауруына шалдыққан жергілікті тұрғынмен қарым-қатынаста болған 19 адам санитарлық бақылауға алынды; карантиндік шаралар енгізілді, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

«Онымен 19 адам араласқан. Оның 18-і жергілікті тұрғындар, Мақаншыда, біреуі қазір Семейде. Бәрі күнде тексеруден өтеді, дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлайды департамент.

Ауылда карантиненгізілді, мал мен етті әкелуге және әкетуге тыйым салынды. Жұқтыру ошағы әзірге анықталған жоқ, науқас адамның үйі мен ауласында дезинфекциялық өңдеу жүргізілді.

Бұрын хабарланғандай, 22 қырқүйекте ШҚО Үржан ауданы Мақаншы ауылының аудандық ауруханасына «күйдіргі» деген алдын ала диагнозбен 45 жасар ер адам жеткізілді. 26 қырқүйекте зертханалық зерттеу диагнозды қуаттады.

Күйдіргі - ауру малдан жұғатын аса қауіпті инфекция, ол топырақта ондаған жылдар бойы сақталады. Белгілері - интоксикация, терінің сыртқы қабатының, лимфалық түйіндер мен ішкі органдардың гемморагиялық қабынуы. Шығыс Қазақстанда күйдіргінің 200-ге тарта табиғи ошағы бар. Соңғы оқиғалар 2008 жылы Аягөз және Ұлан аудандарында тіркелді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1952
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2222
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1831
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1543