Жексенбі, 5 Мамыр 2024
2577 0 пікір 24 Ақпан, 2020 сағат 15:50

«Жеті рухани қазық» жобасы халыққа жүйелі түрде насихатталуда

22-ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы Наурызбай қажы Тағанұлының қабылдауында болды. 

Төлеби Дәділұлы Бас мүфтиге Ақтөбе өңіріндегі діни жағай жөнінде баяндап, өңір имамдарының атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Төлеби мырзаның айтуынша, өңірде дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру бойынша  курстар ұйымдастырылған көрінеді.

-«Жеті рухани қазық» жобасы халыққа жүйелі түрде насихатталуда. Өңірдегі дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында оқыту курстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл, еріктілер жылы аясында жұртшылықты қайырымдылық шараларына жұмылдырып келеміз,- деді Ақтөбе облысының бас имамы.

Төлеби Дәділұлының есебін тыңдаған Бас мүфти имамдардың ел игілігі үшін қызмет етулері керектігін айтты. Және, олар жүргізетін уағыз-насихат халықтың талғамына сәйкес болу қажеттігін ескертті.

-Жергілікті имамдар арасынан ұстаздар мен ғалымдарды шығарып, ел арасына түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Және, имамдар айтатын уағыз-насихат халықтың танымы мен талғамына сйкес жүргізілу керек.Осы мәселеге көп көңіл бөліңіздер. Имамдарымыз ел игілігі үшін қызмет етуде белсенді болу қажет,-деді Бас мүфти.

Сондай-ақ, кездесу барысында Ақтөбе облысының бас имамы өңірде түсіндіру шараларын жандандыру үшін Республикалық ақпараттық-насихат тобының белді мүшелерін аймаққа жіберу туралы өтініш-тілегін айтты. Наурызбай Тағанұлы бұл өтініштің орындалатынын жеткізді.

Ал, кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысының бас имамына өңірде атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1425
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1264
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1024
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1081