Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
46 - сөз 3626 3 пікір 19 Ақпан, 2020 сағат 16:31

Джордано Бруноны өртеген жерге өзінің ескерткіші орнатылды

О, Джордано! Отқа оранған батырым. Тура 4 ғасыр, 20 жыл бұрын ғылымға деген сенімің үшін қызыл жалын алып еді жаныңды. Содан бері талай заман зулап өтті. Ортағасыр түнегінен өзің жаққан ғылым шоғы Еуропаны әлемге көшбасшы етті. Көзсіз қараңғылық, соқыр сеніммен күрестің қолбасшысы өзің едің. Қыл арқанмен байлап, қызыл шоққа тастаса да, соңғы демің шыққанша Еуропаның ессіз халқы ғылым күшін түсінер деп о дүниеге аттанған боларсың?! Түсінді. Ғылымды да, сенің идеяңды да түсінді.

Джордано! Бірақ...Бірақ сол бір түнек, төрт ғасыр өткен соң сол бір қараңғылық менің елімде пайда болғандай. Айналамда теріс діннен басқаны көрмейтін, оқуды құп санамайтын, ғылымды қажетсіз дейтін әсірелер көбейді. Рұқсат етсе өзің сынды ерекше ой иелерін отқа тастауға да дайын. Сен адамзатты ғылымды түсінетін және түсінбейтін деп екіге бөлдің, олар адамзатты біздің діннен және бізге қарсылар деп бөледі. Көздерінде мейірім жоқ, жүректері тас іспеттес. Сені өлтірген дін фанатиктері, басқа кейіппен келіп қазақстандық Джорданоларды майып етпеу үшін не істеу керек, Бруно! Тарихтың кері айналған дөңгелегін, қалай түзу жолға салсақ болады?

ПыСы: 1600 жыл, 17 ақпан. Джордано Бруноны инквизиция ғылыми көзқарасы үшін отқа жақты. Ол "Күн Жерді емес, Жер Күнді айналады" деген сенімінен бас тартпады. Қазір бұл теория толық дәлелденген. Ғасырлар өткен соң Джордано Бруноны өртеген жерге ескерткіш орнатылды.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1767
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1745
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1467
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1376