Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 7213 4 пікір 13 Ақпан, 2020 сағат 13:12

Ташкент студенттерін Қазақстаннан неге қайтарып жатыр?

Өзбекстанның саяси қадамын түсіне алмай отырмын. Қазір Ташкент Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстандағы студенттерін жаппай еліне қайтарып жатыр. Демалысқа емес, біржолата. Студенттер өз еліндегі оқу орындарына құжаттарын ауыстыруда. Оған не себеп болды екен?

Мысалы Өзбекстан тарапы сұрағаннан кейін, Қазақстан былтыр көп грант бөлген еді. Енді биыл мынандай саяси әрекетке барып отыр. Бір емес, бірден үш елден қайтаруда. Жай емес екені анық. Бұл Өзбекстандағы ЖОО престижін көтеру я білім саласын реформалаудан емес, басқа себеппен деп ойлаймын. Мысалы Канада мен Италия вуздарына барған Қытай студенттері бірі Бейжіңге, енді бірі Римге агент болып кеткені анықталып, дау болып жатыр. Сондайдан сақтанайын деді ме? Не болса да, ресми жауаптары қалай болмақ, күтейік.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

4 пікір