Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
3941 0 пікір 6 Ақпан, 2020 сағат 15:27

Абайдың 175 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» музыкалық-поэзиялық кеші өтті

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Астана Опера» театрының Камералық залында халықаралық байқаулардың лауреаты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хорының концерті өтті.

«Адамзаттың Абайы» деп аталған концерт 1 сағат 20 минутқа созылды. Елімізге ғана емес, шетелдерге де танылып үлгерген бұл ұжымның концерті өте жоғары деңгейде өтті. Бұған дәлел, қалың көрерменнің ыстық ықыласы.

Кеште Абайдың әлем таныған шығармалары орындалып, бірнеше тілде өлеңдері оқылды.

Бұл кешті Мырзатай Жолдасбеков, Абай Тасболатов, Баянғали Әлімжанов, Жанғали Жүзбай, Қапаш Құлышева, Төлен Әбдікұлы, Амантай Жұмашев бастаған зиялы қауым өкілдері тамашалады.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Талғат Мұсабаев, Азамат Жылтыркөзов, Халықаралық байқаулардың лауреаттары – Асылжан Қайыпов, Нұржан Сағынай (домбыра), Жұбаныш Зетова, Еркебұлан Әбдіқалықов, Мәншүк Құрманғазина, Жандос Байбосынов, Фортепиано партиясы – Гүлден Базыкендер өнер көрсетті.

Бір жарым сағатқа созылған кеш Абай шығармаларын жаңаша насихаттаудың жарқын үлгісін көрсеткендей болды. Елімізге ғана емес, шетелдерге де танылып үлгерген бұл ұжымның концерті өте жоғары деңгейде өткендігін көрермендердің ыстық ықыласынан байқадық.

Филармонияның басты ұжымдарының бірі - камералық хор біздің елімізде ғана емес, шетелдерге де танымал. Ұжымды халықаралық деңгейде мойындауына Латвиядағы халықаралық хор фестиваліндегі екі алтын медалі, «Шабыт» шығармашыл жастар байқауындағы Бас жүлдесі, Қытайдағы халықаралық хор форумындағы екі алтын кубогы және Венгриядағы табысты өнер көрсеткендігі айқын дәлел.

Камералық хордың көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамованың айтуынша: «Ұжымның негізгі мақсаты – ұлттық репертуарды дәріптеу».

Ұжым өзінің жеке репертуарын жасап, концерттік бағдарламалар дайындаған. Оның ішінде Біржан сал шығармашылығына арналған «Айбозым», қазақ ақындары мен әншілерінің шығармашылығынан «Ұлы дала жаңғырығы», қазақ халық әндері өңделген «Жанымды тербеткен әуен» және «Ұлы Дала әуендері», сондай-ақ «Палитра созвучий XX века», «Қазақстанның заманауи хор музыкасы» топтамалары бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1837
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1862
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1565
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1442