Сенбі, 11 Мамыр 2024
4001 26 пікір 4 Ақпан, 2020 сағат 12:32

Ердоған: Анкара Қырымды Ресейдікі деп есептемейді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Киевте Украина мемлекет басшысы Владимир Зеленскиймен кездесті.

Зеленский келіссөздерден кейін өткізген баспасөз мәслихатында екіжақты қарым-қатынастан бөлек Ресейдің Қырымды аннексиялауы мен Донбасстағы жанжалды талқылағанын жеткізді. Украин лидері бұл мәселеде Киев ұстанымын қолдағаны үшін Анкараға ризашылығын жеткізді.

Зеленскийдің айтуынша, Түркия Ресейде қамалып отырған украин азаматтарын, оның ішінде қырым татарларын босатуға көмектесетінін жеткізген.

Өз кезегінде Ердоған Түркия Қырымды Ресейдікі деп есептемейтінін, Мәскеудің түбекті әрекетін аннексия деп бағалайтынын мәлімдеді.

Ердоғанның бұл сапары Сириядағы оқиғаларға байланысты Түркия мен Ресей байланысы ушығып тұрғанмен тұспа-тұс келді. Өткен аптада түрік билігі Ресей қолдаған Сирияның үкіметтік күштері Идлибтегі қарулы оппозицияға шабуыл жасағанын, Мәскеудің оны тоқтатпағанын жеткізген. Осыдан кейін Ердоған Түркия қарсы жауап беруге дайын екенін ескерткен.

Ресей 2014 жылы Қырымды басып алған. Халықаралық қауымдастық түбек Украинаның аумағы деп есептейді. Бұдан бөлек Мәскеу Украина шығысындағы қарулы қақтығыста сепаратистерге қолдау көрсетіп келеді. 2014 жылдың сәуір айынан бері қақтығыстан 13 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1919
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2028
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1697
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1515