Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Абай мұрасы 4734 2 пікір 1 Ақпан, 2020 сағат 15:10

Семей әуежайы енді «Абай әуежайы» болды

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы әуежайға Ұлы Абайдың есімі берілді. Аталған ұсынысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қолдаған.

Семей әуежайына Абай есімі берілетіні туралы ресми ақпаратта облыстық ономастика мақұлдаған бұл ұсыныс республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберілгені айтылған.

«Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру туралы ұсынысты облыстық ономастикалық комиссия мақұлдады. Сондай-ақ, ШҚО облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді», - делінген хабарламада.

Семей әуежайына Абай есімін беру туралы бастаманы өңірдегі қоғам белсенділері ұсынған. Семей қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анагүл Бүркітбаеваның айтуынша, аталған игі шара Ұлы ағартушының 175 жылдығына орайластырылып отыр.

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік, қазіргі таңда Семейдегі № 49 мектеп  Хәкім Абайдың атымен аталады. Ақын мерейтойы аясында республика көлемінде ұзын-ырғасы 500-ден астам шара өтеді деп жоспарланыпты.

Семей қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анагүл Бүркітбаеваның айтуынша, алдағы уақта облыс орталығы - Өскемен қаласындағы гуманитарлық колледжге Абай есімін беру мәселесі де қазір қарастырылып жатыр.

Одан бөлек,  Нұр-Сұлтан қаласында «Абай әлемі» атты үлкен орталық салынатыны осыған дейін белгілі болған.

Ал Абай тойын атап өтуге облыс жұрты белсенді қатыспақ. Абай тойы қарсаңында Семей қаласындағы оқу орындарына көрнекті тұлғалардың аттары берілмек.

Атап айтқанда, № 2 орта мектеп Қаныш Сәтбаев, №3 мектеп-кешен Мұхтар Әуезов, №34 мектеп Бауыржан Момышұлы, №37 мектеп-гимназия Ыбырай Алтынсарин, №39 мектеп Әлихан Бөкейхан, №47 мектеп Ахмет Байтұрсынов, Пригород орта мектебі Жүсіпбек Аймауытовтың атымен аталады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 344
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 175
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 184
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 184