Дүйсенбі, 10 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 98701. Жазылғандар — 72273. Қайтыс болғандар — 1058
Арандату 3744 45 пікір 24 Қаңтар, 2020 сағат 14:02

Елді екіге бөлген Казначеевтің көздегені не?

Әмседен қазақ десе, төбе шашы тік тұратын РФ БАҚ ішінде «ИА Regnum» сайтының орны бөлек. Оның еліміздегі жағдайға қатысты қырсықты ой айтатын әм шындықтан ауа жайылған пікірін білдіретін Максим Казначеев сынды алматылық саясаттанушысымағы бар.

Еліміздегі кез келген қазақ мүддесін аяққа таптайтын түрлі тақырыптарға қалам тартатын «ИА Regnum» жорналшысы Евгения Кимнің тарихи отанына оралушыларға қатысты толып жатқан проблемалардың өңін теріс айналдырған «Вам здесь не рады: Неудобная правда о репатриантах казахстана и их будущем» деген Максим Казначеевтан алған сұхбатының астарында не жатыр?!

«Біз сіздерге құшақ жая алмаймыз: Қазақстандық репатрианттар және олардың болашағы жайлы қолайсыз шындық»

Қазақты шапқа түртіп мазақ қылғанға айызы қанатын тілші: «Қазақстан оралмандарға қалай қарайды?» деген алғашқы сауалын қойып оған Максим Казначеев тарапынан:

«Двойственно. Например, представители национал-патриотических групп говорят о том, что возвращение этнических казахов на историческую родину нужно для увеличения доли казахов в общей численности населения. По их мнению, это гарантирует сохранение внутриполитической стабильности. На чем основываются их выводы мне непонятно.

Почему проводится прямая связь между этими процессами, нужно спрашивать у них. Ведь есть огромное количество моноэтничных стран, которые раздираются внутренними конфликтами и противоречиями.

Эти группы требуют возвращения репатриантов, а власти не хотят лишний раз конфликтовать. Некоторое время назад был налажен процесс по организованной репатриации. Программа называлась «Нұрлы көш» («Светлый переезд») и была утверждена правительством в конце 2008 года.

Ее запустили, но после жанаозенских событий 2011 года она была заморожена. В итоге складывается двойственная ситуация. С одной стороны, власти Казахстана пытаются работать в этом направлении и заигрывать с национал-патриотическими настроениями в Казахстане. В другой, есть четкое понимание того, что данный вектор деятельности не всегда выигрышный» деген жауап алады.

Казначеевтің сөзінше, этникалық қазақтардың Қазақстанға көшіп келуін елдегі ұлттық-патриоттық топтардың өкілдері ғана қарсы алады. Бұл Казначеев секілділерге мүлде түсініксіз қадам екен. Ол тағы шетелдік қазақтардың көптеп келуі елде тұрақсыздық тудыруы мүмкін деп «алаңдайды».

Қазақстанды моноэтникалық ел деп сарнаған «саясаттанушы» этникалық қазақтардың көптеп келуі елде ішкі жанжалдар тудырады деп соғады. Сөзіне дәлел ретінде 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасын айтыпты. Осы оқиғадан кейін 2008 жылы қолға алынған «Нұрлы көш» бағдарламасы тоқырауға ұшырады дегенді айтады. 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиға жаңа ғасырдағы қазақ қасіреттерінің бірі. Ал оны Казначеев секілділер әдейі бұрмалап, халықтың қанды жарасына тұз сеуіп отыр!...

Казначеевтің айтуынша, Олардың орыстілді ортаға сіңіспеуінің экономикалық, әлеуметтік және психологиялық себептері бар екен. Бұлар Қытайға, Маңғұлияға, Иран мен Түркияға сыймай, одан өз орнын таппағандықтан қазақ мемлекетіне алақан жайып ағылады екен. «Оларға материалдық көмектің көрсетілуі жергілікті халықтың зығырданын қайната түсуде» дейді Мәкең айды аспанға шығарып. Бұндай жағдайға Қазақ Елі 1990 жылдың  аяғынан бері жолығып отыр екен. 

«Қазақстанға оралған, қаржылық көмекке мұқтаж азаматтар» - деп соғады «саясаттанушы»: «Оларға көмектесуден ел бюджетіне ауыр салмақ түсіп отыр. Оралмандарға қаржы бөлгенін көрген, салық төлеп отырған жергілікті халық бұған наразы» - деп халықтың арасына көпе-көрнеу от тастай сөйлейді. 

Әрі оларды орналастыруда жіберген биліктің қателігін де «елім деп келген қандастармызға жаба салушықты» мына төмендегі ойлардан аңғарасыздар:

«Оралманы переезжают в Казахстан и начинают вести себя очень интересно. Они считают, что государство и общество всё и всегда им должны. Они действуют в логике: «мы свои, мы переехали, помогайте нам — дайте нам землю, скот, жилье и прочие блага...

...В наиболее яркой форме это проявилось в 2006 году. Тогда на окраине Алматы произошли самозахваты земельных участков под жилищное строительство. Часть самозахватчиков были переселенцами.

Другой пример – Жанаозен. В советские времена это был рабочий поселок вахтовиков, а сейчас стал 100 тысячным городом переселенцев. Люди туда ехали целенаправленно с мыслью о том, что будут работать нефтяниками. Это не шутка. 

У них нет квалификации, нет соответствующего образования, нет вообще ничего. Только желание зарабатывать много не затрачивая усилий.

То есть переселенец приезжал в западную часть Казахстана и вполне серьезно ожидал, что получит работу водителем с зарплатой в две тысячи долларов или уборщицей за полторы тысячи. Это не единичные случаи, а повсеместные настроения.

После таких результатов и событий 2011 года программа «Нұрлы көш» была постепенно свернута. Оказалось, что возможности государства и желания переселенцев не совпадали.

Сейчас оптимизм по поводу переселенцев разделяют только в национал-патриотической среде. Остальные – бизнесмены, представители центральной и местной власти скептически оценивают эту идею». 

Казначеев этникалық қазақтар үкіметтен жер, мал, баспана және өзге де артықшылықтар талап етеді деп соғады. Онымен қоймай, «олар білімі жоқ, ештеңесі жоқ. Тек күш жұмсамай-ақ көп ақша тапқысы келетіндер» деуге дейін жетеді.

Иә, әлем елдеріне тарыдай шашылған қазақ тек қазақ тілді қазақтарға ғана керек. Ал, қазақ тілді қазақтарды нацпат деу орыс тілділердің елді екіге бөлген бүлдіргі әрекеті.

Сонымен, қазақтың суын ішіп, ауасын жұтып жүрген Максим ТМД-ның қай жерінен келсе ол жерінен келсін, тек ҚХР мен Маңғұлиядан келген оралмандардың еліміз үшін еш қажеті жоқ деген пікірді ашық айтады. Олар тіптік керек десеңіз, ел шінде дүрбелең туғызып, ұлтаралық дүрдараздылықты та қоздыратын фактор болып табылады екен.

Осы орайда:

«Первый и основной – знание языка. Основная масса людей переселяется из бывших республик СССР. В силу общего советского прошлого, близкого менталитета и знаний русского и казахского языка их легче адаптировать к жизни на исторической родине. У переселенцев из Китая и Монголии этих преимуществ нет.

Доля оралманов из Китая составляет от 16% до 20%. Из общего числа переселенцев в миллион человек, доля репатриантов из КНР – 160 тысяч» деп мұңын шаға келе, - «Представьте, подавляющее большинство не знают языков – ни казахского, ни русского. Это автоматически делает их неконкурентоспособными на рынке труда.

 Это значит, что для них нужно воспроизводить искусственную социальную среду, в которую нужно постоянно и длительно вливать средства из бюджета. Без гарантированного результата» деп өтірікті соғып та жібереді.

Казначеев қыза келе «Қытай мен Моңғолиядан келген қазақтар тіл білмейді - қазақшаны да, орыс тілін де білмейді. Бұл оларды автоматты түрде еңбек нарығында бәсекеге қабілетсіз етеді. Сөйтіп, олар үшін бюджеттен үнемі қаржы бөліп отыруға тура келеді» - деп сілтейді.

Оны осы өтірігінен ұстап алған тілші «Қытайдан келгендер қазақ тілін өте жетік біледі. Сіз неліктен тіл білмейді деп уәждайсыз?» деп қарымта сұрақ қойған шақта, Мәкең сасқан үйрек артымен жүзедінің керін келтіріп: 

«Скорее всего, это жители сельской местности в Китае. Устный казахский язык – это основной рабочий инструмент, и они им владеют. Я говорю о письменной речи. Писать и читать на кириллице или латинице они не умеют.

Письменный казахский язык репатриантов из КНР основан на арабской вязи. Письменный казахский язык репатриантов из Монголии – на кириллице. Оралманы из Узбекистана владеют казахским языком на кириллице и латинице. Этнические казахи из Турции пишут на латинице.

Проблема в том, что переселенцы из КНР могут разговаривать и понимать друг друга, но письменные тексты они уже не понимают. Это нигде не афишируют» деп өз жанынан еш шімірікпей жалған долбарын қоса салады.

Міне, осылайша қазақша сөйлегенімен әм жазып әм оқи алмайтын қандастарымыздың келген жағына қайта көшуі қалыпты жағдай екен. 

«Среди возвращающихся обратно переселенцев высокий процент репатриантов из Китая и Монголии. Люди в силу вышеописанных проблем с незнанием языка, непониманием культуры неспособны адаптироваться и возвращаются обратно»,- делініп, билік қоныстануға ұсынған жақтағы өздеріне жат орыс тілді ортаны жатсыну факторы тасада қалады.

Қазақтардың өз отанына көшіп келуі ұлттық идея мен құндылықтарға өз салқынын тигізіп жатқаны Максим Казначеев қабырғасына қатты батады екен. Осы орайда қандастарын көшіріп әкелгіш Ел Үкіметі өз (славян текті) азаматтарының мүддесін аяққа таптауда екенін де есінен еш шығармапты. 

Максим Казначеев - Қазақстан азаматы. Онымен қоймай «саясаттанушы» деген ат-атағы тағы бар. Сөйте тұра, өзге елдің басылымына өз еліндегі әлеуметтік жағдайды бұрмалап, ауызына келгенін айтып сұхбат беріп отыр. Қазақстан азаматының шетелдік басылымға ұшқары көзқарасқа толы бұндай сұхбат беруі қаншалық орынды?!

Онымен қоймай, Қазақстанға көшіп келген этникалық қазақтарды «білімі жоқ, түгі жоқ, тек үкіметке қол жайғандар. Елде ішкі кикілжің тудырып, тұрақтылықты бүлдірушілер» деуі ел тұрғындары арасында алауыздық тудыратын ұшқары пікір. Сонымен қатар, ол «оралмандардың келуін ұлттық-патриоттық топтар ғана жақтайды» - деп 18 млн қазақстандықтың атынан кесіп-пішіп пікір айтып отыр. Бұл да заңдық жауапкершілігі қузастырылуы тиіс мәселе.

Ел ішін алатайдай бүлдіретін осындай сұхбат бергіштер жауапқа тартыла ма, жоқ па?!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

45 пікір