Сенбі, 4 Мамыр 2024
2460 5 пікір 23 Қаңтар, 2020 сағат 10:57

Лукашенко Ресейдің Қазақстанға мұнай тасымалдауға рұқсат бермей отырғанын айтты

Беларусь президенті Александр Лукашенко 21 қаңтарда Минск қаласында мұнай тасымалдау мәселесіне арналған жиында "Ресей Қазақстанға Беларусьқа мұнай сатуға рұқсат бермей отырғанын" айтты.

"Қазір расымен Ресей мұнайын толық алмастыратын басқа көз жоқ. Мұнайды жан-жақтан алу керекпіз. Бәрібір мұнайдың 30-40 пайызын Ресейден сатып аламыз. Қалған 30 пайызын Балтық елдерінен, 30 пайызын Украинадан алуымыз қажет. Егер Ресей келіссе, Қазақстан да бізге мұнай жеткізіп бере алады. Біздің бір одақтасымыз екінші одақтасымызға мұнай тасымалдауға келісім бермей отырғаны таң қалдырады" деді Лукашенко.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Беларусь еліне мұнай тасымалдауды тоқтатқан. Осыдан соң Беларусь елінде мұнай тапшылығы басталды. Лукашенко мен Ресей мұнай тасымалдау туралы бірнеше рет келіссөз жүргізгенімен нәтиже шықпады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1036
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 912
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 766