Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
3007 3 пікір 8 Қаңтар, 2020 сағат 13:16

Украиналық ұшақ Иранда апатқа ұшырады

Украиналық Boeing 737 ұшағы Тегеран әуежайы маңында апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылған. Бұл ақпаратты әуежай басшысы да растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді. Лайнерде 180 жолаушы болған.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, апатқа ұшыраған украиналық лайнердің бортында болған барлық адам қаза тапты. Ұшақ "Украина халықаралық әуе жолдары" әуекомпаниясына тиесілі.

Ал, Иранның шұғыл медициналық көмек көрсету қызметінің басшысы Пирхоссейн Куливанд Куливанд IRINN мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында апат болған аймаққа жедел жәрдем бригадалары жіберілгенін, алайда олар зардап шеккендерге жақындай алмағанын, өйткені онда ұшақ бөлшектері жанып жатқанын хабарлаған.

Ұшақ апатына байланысты Украина Президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді.

"Таяу Шығыстан суыт хабар келді. Бүгін Имам Хомейни (Тегеран қаласы) халықаралық әуежайынан ұшқан "Украина халықаралық әуе жолы" әуе компаниясының жолаушылар ұшағы әуежай маңында апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, барлық жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапқан. Біздің елшілік болған оқиға жайлы және қаза тапқандар туралы мәліметті анықтап жатыр. Қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды Зеленский Facebook желісіндегі парақшасында. 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1574
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1463
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1211
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1192