Сенбі, 4 Мамыр 2024
Апат 4637 2 пікір 28 Желтоқсан, 2019 сағат 12:48

ІІМ Bek Air ұшағы апатының бірнеше себебін қарастырып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР ІІМ Алматы облысы Гүлдала ауылының аумағында «Fokker-100» жолаушылар әуе кемесінің апатқа ұшырау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«ІІМ ұшақтың апатқа ұшырауына әкеп соққан себептер мен жағдайларды сапалы және объективті тексеру жүргізеді. Тергеу барысында барлық құжаттар, аудио және бейнежазбалар зерттеледі. Әуе кемесінің жай-күйіне бірқатар сараптама, оның ішінде өрт-техникалық және көліктік - трассологиялық сараптама тағайындалды», - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев,

ІІМ басшысы тергеушілер әуе апатына әкеп соқтырған барлық оқиғалардың хронологиясын қалпына келтіру керектігін атап өтті. Осы мақсатта қызметкерлер ұшуды ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын барлық жердегі және авиациялық қызметтердің жұмысын тексереді, жауапты тұлғалардан жауап алу және осы рейстің жолаушыларынан сауалнама алу жүргізіледі.

Ұшу-қону жолағына тексеру жүргізілді. Әуе кемесінен өздігінен жазғыш құралдары мен борт журналы алынды. Қазіргі уақытта ұшақтың құлау ауданын тексеру жалғасуда.

Халықаралық талаптарға және осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктеріне сәйкес оған халықаралық авиация комитетінің (ХАК) және ұшақты дайындаушы зауыттың өкілдері қатысады, олармен бірге алынған өздігінен жазу құралдарындағы жазбалардың мәнін анықтау, кеме қозғалтқышы мен оқиға орнын тексеру жүргізіледі.

Апатқа ұшыраған әуе кемесі 1996 жылы Голландияда «Fokker» зауытында жасалып, 2020 жылдың 21 мамырына дейін ұшу жарамдылығы сертификатына ие болғаны анықталды.

Жедел-тергеу тобы бірнеше нұсқаларды, соның ішінде кеменің техникалық ақауын, ауа райы және метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ ұшу кезінде жіберілуі мүмкін қателерді пысықтайды.

28 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматы қаласының медициналық мекемелерінде 47 зардап шеккен, оның ішінде 9 бала стационарлық емделуде. Зардап шеккен 4 адамға медициналық тексеруден кейін амбулаторлық ем тағайындалып, үйлеріне жіберілді. Қаза болғандардың саны өзгерген жоқ (12 адам).

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1104
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1001
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 737
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 850