Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2767 0 пікір 3 Қыркүйек, 2011 сағат 16:10

Президент Қызылорданың жас спортшылары үшін шеберлік сабағын өткізді

Астана. 2 қырқүйек. ҚазТАГ - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында облыс орталығындағы жаңа теннис орталығында болды, деп хабарлайды жұма күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Теннис орталығын аралау барысында Президент жаңа корттың сапасын өзі сынақтан өткізіп, Қызылорданың жас теннисшілеріне теннис бойынша мастер-класс көрсетті», - делінген Ақорда сайтындағы ақпаратта.

«Мен де үлкен теннис ойнаймын. Сөйтіп салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану қажеттігі жөнінде жастарға өзім үлгі көрсетіп келемін», - деді Н. Назарбаев.

Теннис орталығының құрылысы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында облыс әкімдігі мен «Саутс Ойл» компаниясы арасындағы меморандумға сәйкес жүргізілді. Нысанның құны 300 млн. теңгені құрайды.

Баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстандық теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Мемлекет басшысына халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Қызылорда қаласындағы ірі теннис орталығын құру туралы, сондай-ақ елімізде теннис спортын дамытудың келешегі мен жай-күйі жайында баяндап берді. Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша теннис спортын дамыту стратегиясы іске асырылуда. Соның нәтижесінде Астана, Павлодар, Ақтөбе, Өскемен, Қызылорда, Шымкент қалаларында ірі теннис орталықтары пайдалануға берілді.

Н.Назарбаев Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда болып, Олимпиада чемпионы Ильия Ильин мен қазақша күрестен «Қазақстан барысы» атағының иегері Ұлан Рысқұл бастаған Қызылорда облысының спортшыларымен кездесті.

«Мемлекет жастар спортпен шұғылданулары үшін барлық жағдайды жасауда. Мұндай Қызылордада қашан болып еді? Мен 2001 жылы келгенде бұл стадион қирап жатқан еді, ал қазір мұнда спортпен айналысып, көгалдағы хоккей ойнауға болады, төңірегінде теннис корты бар, келешекте мұз сарайы салынады. Жастар спортқа осылайша бет бұрады. Мысалы, Ильия Ильин - Олимпиада чемпионы, қазақша күрестен - Ұлан Рысқұл бар», - деп атап өтті президент.

Одан кейін президент «Ұланымыз ұлы елдің» атты акциясы өтіп жатқан қаланың орталық алаңға жоспарланбаған аялдама жасады. Шараға облыс мектептерінің 3 мыңнан астам оқушысы қатысты.

«Жастар бірігулері тиіс. Олар өздерінің патриоттық сезімдерін жетілдіре түсулері керек. Болашақта тек жастар елді алға бастайтын болады. Бізге күллі әлемге Қазақстанның атын мақтаныш сезіммен және асқақ алып жүретін білімді азаматтар қажет. Қазір бәсекеге қабілеттілік - білімде. Сондықтан сіздердің басты міндеттеріңіз - сапалы да терең білім алып шығу», - деп атап өтті мемлект басшысы жас қызылордалықтарға қаратып айтқан сөзінде.

Н. Назарбаев сондай-ақ Сырдария өзені бойындағы мәдени ойын-сауық кешенінде болды. Кешенді аралау барысында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан облыстағы инвестициялық жобалардың көрмесімен танысты.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1257
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1154
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 894
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1025