Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
3327 0 пікір 19 Желтоқсан, 2019 сағат 15:50

Қазақ-тәжік дәрігерлері өзара тәжірибе алмасады

19-20 желтоқсан аралығында Душанбеде Тәжікстандағы қазақстандық
медицина күндері өтеді.

Бұл іс-шараның мақсаты - Қазақстан мен Тәжікстанның денсаулық
сақтау жүйелерінің арасындағы әріптестікті күшейту, медициналық
ұйымдардың өзара әрекеттестігін нығайту, екі ел азаматтарына көрсетілетін
медициналық көмек сапасының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында
тәжірибе және білім, сондай-ақ инновациялармен және технологиялармен
алмасу.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Амангелдіұлы Әбішев
бастап барған қазақстандық делегацияның құрамында 30-дан астам жетекші
медициналық клиникалар, бейінді медициналық ұйымдар, фармацевтикалық
өндірушілер, медициналық ЖОО-лар, Қазақстанның денсаулық сақтау
саласындағы консалтинг компаниялар және ІТ өкілдері бар.
А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығын
аталмыш ұйымның жетекші мамандары таныстырды. Орталық делегациясын
Басқарма төрағасы Баймаханов Болатбек Бимендеұлы бастап барды.
Форумның жоғары сессиясында Баймаханов Болатбек Бимендеұлы
«Қазақстан Республикасындағы органдық трансплантация» тақырыбында
баяндама жасады.

Осы іс-шараның аясында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми
хирургия орталығы Тәжікстан Республикасының Ұлттық ғылыми ағзаларды
және тіндерді трансплантациялау орталығымен серіктестік туралы
меморандум бекітті.

Форумның екінші күні бірнеше шеберлік сабақтары өткізіледі деп
жоспарланып отыр.

Орталықтың жоғары санатты дәрігерлері тәжікстандық әріптестермен
бірге туыстық бауыр трансплантациясын, механикалық сары ауру синдромы
кезіндегі эндоскопиялық араласуларды, сондай-ақ аритмияның түрлі
формалары кезіндегі эндоваскулярлық оталарды жасайтын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2095
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2183
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1617