Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2415 4 пікір 18 Желтоқсан, 2019 сағат 11:49

Египетте Қазақстан елшілігінің қызметкері қаза тапты

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың қаза болғанын растады. Бұл туралы 17 желтоқсанда министрлік өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Жолдасовтың жақында Каир қаласында қаза тапқанын айтқан. Туыстарының естуінше, "оның денесі өзі тұрып жатқан үйдің алдынан табылған. Арқасы қанаған, мойнында арқан болған". Жолдасовтың туыстары "ол өз-өзіне қол салды" деген ақпарат алғандарын, мұнымен келіспейтіндерін айтқан.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, қазір Египет прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. Министрлік өкілдері тергеуге қатысу үшін Египетке кеткен.

Министрлік 18 желтоқсанда елшілік қызметкерінің қазасына қатысты толық ақпарат беру үшін брифинг өткізбек.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2061
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2490
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2088
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1605