Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Көк тудың желбірегені 4087 14 пікір 16 Желтоқсан, 2019 сағат 11:54

Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы ел халқына арнаған құттықтау сөзін Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.

« Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Бізге даму мен жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туды. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономика құрды», - деді Президент.

Изображение

Abai.kz

 

14 пікір