Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3349 0 пікір 27 Қараша, 2019 сағат 13:04

2019 жылғы Orbis Auto компаниясында 7 574 жаңа автомобиль және 2 160 жүрілген автомобиль сатылды

Orbis Auto автомобиль тобы негізгі бизнес-бағыттары жұмысындағы қызметінің алдын ала қорытындыларын шығарды. 2019 жылғы қаңтар-қазан айлары аралығында компания автосалондарында 7 574 жаңа автомобиль және 2 160 жүрілген автомобиль сатылды. Ағымдағы жылы мемлекет пайдасына түскен Orbis Auto жалпы салық төлемдері 3,109 млрд теңгені құрады.

Дилер тобында сату өсімінің динамикасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда +32% деңгейіне жетті. Осылайша, Orbis Auto автомобиль тобы қазақстандық автомобильдік нарықта өзінің сату үлесін 12,87% дейін ұлғайтты.

Orbis Auto нәтижелерінің жинағына Алматы қаласындағы жаңа автомобильдердің сатылымы салмақты үлесті қосты, 2 332 автомобиль сатылды, бұл ретте оңтүстік астанадағы сату үлесі – 15%, Нұр-Сұлтанда 13% үлесімен 1 543 автомобиль және Шымкентте 26% үлеспен 1 186 жаңа автомобильді құрады.

Orbis Auto дилерлік тобының портфелінде ұсынылған 11 автомобиль маркасының ішінде сатылған Toyota – 4 555 автомобиль, Hyundai – 1 579 автомобиль, Nissan – 651 автомобиль және Volkswagen – 401 автомобиль брендерінің сатылымы сату өсімінің динамикасына елеулі үлес қосты.

Orbis Auto корпоративтік сатылым үлесі Қазақстанда автомобильдерді өткізудің жалпы көлемінде 19% жетті және 1 466 жаңа автомобильді құрады. Orbis Auto  бас директоры Динара Ысқақова айтып өткендей, корпоративтік клиенттер өздерінің автопарктеріне автомобиль таңдаған кезде машинаның бағасын ғана емес, сонымен қатар оны иемденудің жалпы құнын есепке алады: ТҚК құнын, салық мөлшерін, сақтандыру, отын шығыны мен автомобильдің қалдық құнын есепке алады. Orbis Auto корпоративтік сатып алушылары арасында ең танымал автомобильдер Toyota Hilux және Volkswagen Polo болып табылады.

Өз қатарында, Orbis Auto «Жүрілген автомобиль» бөлімшесіндегі сатылым 2 160 жүрілген автомобиль нәтижесін көрсетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 263% сатылым өсімін көрсетті. Динара Ысқақованың айтуынша, Orbis автомобильдері бар аймақтарда – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Ақтау, Қарағанды, Атырау, Орал, Павлодар және Шымкент қалаларында – қайталама нарықтың дилерлік сегменті белсенді өсімді көрсетеді. Orbis Auto дилерлік орталықтарының басым клиенттері жүрілген автомобильдерді тек қана ресми дилерден сатып алуды қарастырады.

- Қазіргі кезде сатып алушылар автомобильдің сыртқы түрі мен техникалық күйіне ғана емес, сонымен қатар сервис сапасына да талапшыл. Нарық сұраныстары мен тұтынушылардың талаптарына жауап беріп, жүрілген автомобильдерді сатып алған кезде қатаң кірме қадағалауды орнатамыз. Нәтижесінде жүрілген сапалы автомобильдер негізінде ресми дилерлерге келіп түседі, ал техникалық ақауы бар автомобильдер және заң жүзінде күрделіліктер туындататын жүрілген автомобильдер стихиялық нарықтарда қалады, - деді Orbis Auto бас директоры Динара Ысқақова.

Сату бөлімдерінің ерекше көрсеткіштерімен қатар, Orbis Auto автомобиль тобы сервистік қызмет көрсету саласында елеулі өсімге қол жеткізді. Orbis Auto автосалондарының сервистік орталықтары 2019 жылдың тоғыз айы ішінде 92 225 бірлік көлемінде автомобильдерге қызмет көрсетіп, жөндеу жүргізді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52% артық.

Сату өсімінің динамикасына 2019 жылы ашылған және сатып алынған Orbis Auto жаңа дилерлік орталықтары елеулі үлес қосты: Cadillac Алматы, JCB Алматы, Volkswagen Центр Алматы, Volkswagen Орталығы Нұр-Сұлтан, Volkswagen Орталығы Атырау.

- 2019 жылғы Orbis Auto қызметінің нәтижелері – бұл компанияның бизнес-тәсілінің салдары деп сенемін: клиент және оның мүдделері біз үшін әрқашан бірінші орында. Сатып алушылар мен серіктестер бізбен көп жылдарға қалғанын қалаймыз. Біз әрбір клиентімізді қадірлейміз және оның кез келген тілегін анықтауға, клиент және оның жақындары үшін автомобильдер әлеміне көпір болуға, мобильділік мәселелерімен байланысты кез келген сұрақтарды шешуге тырысамыз. Дәл осы тәсіл Orbis Auto қызметінің барлық бағыттарында бізді жетістіктерімізді көрсетуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Orbis Auto бас директоры Динара Ысқақова.

Динара Ысқақованың болжамынша, 2019 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша ҚР өткізілген автомобильдердің жалпы нарығы 70 000 автомобильдер деңгейінде болады, жалпы автомобиль нарығындағы Orbis Auto сату үлесі жыл қорытындысы бойынша 13% немесе 9 400 жаңа автомобильді құрайды.

Abai.kz

0 пікір