Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
46 - сөз 3699 3 пікір 26 Қараша, 2019 сағат 11:26

Қызметкер – мекеменің басты құндылығы

Қызметкер – мекеменің басты құндылығы, дегенмен басшылар оларды көбіне актив ретінде емес, міндеттеме ретінде қабылдайды. Мұндай ескі көзқарас мекеменің басты ресурсын – мекемені өзгерту үшін қолдануға кедергі жасайды. Адамдар да, мекемелер де өз әлеуеті мен активін барынша тиімді пайдалану үшін өткеннен сабақ алу тиіс. Мекеме өз мүмкіндігін толыққанды пайдалансын десек, оны жай менеджер емес, көшбасшы басқаруы қажет.

Тек санаулы ғана мекемелер «Адам күшін» бағалай бастады. Көбі кері бағытта ұстанып, қызметкерлердің мекемеге деген ниетіне немқұрайды қарап, қамқор болудың орнына қысқартып, бар күштерін тек нәтижеге жұмылдырады.

Том Питерс өзінің «Аласапыранда жетістікке жету» кітабында жазғандай, табысты болған мекемелердің барлығы да төмендегідей ортақ қасиетке ие:

1) Бір деңгейдегі құрылымдар басым, жоғарыдан төменге тарайтын иерархиялық құрылымы аз;

2) Дербес бөлімшелер саны көптеу;

3) Қосымша құны жоғары тауар шығарып, қызмет көрсетуге қарай бағдар алған;

5) Сапаны бақылау;

6) Сервисті бақылау;

7) Елгезектік;

8) Инновацияны енгізу жылдамдылығы;

9) Икемділік;

10) Қолы шебер, ақылы кемел, жоғары білікті жұмысшылар

11) Барлық деңгейде менеджерлер емес, көшбасшылар болуы керек.

Шыңғыс Мұқанның әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар