Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2494 0 пікір 23 Тамыз, 2011 сағат 05:13

Ақырыс Сейітқазы. Ұлан - Қазақстанның барысы!

Сенбі күні Астанада қазақ күресін серік еткендер боз кілемге шығып,  «Қазақстан барысы» атану үшін барын салды.  «КТК» телеарнасы мен Қызылорда облысының әкімшілігі бірлесе отырып дайындаған жобаға  ел Президентінің атындағы турнир деген ат тағылған еді. Жарыстың басты - мақсаты ұлттық спортымыз қазақша күреске жастардың ықыласын арттырып, ел ішіндегі насихатын кеңейте түсу.  Бір күнге созылған шоқтығы биік бәсекеде  жалпы есебі 64  балуан бақ сынап, алтын, күміс және қола белбеулердің иегерлері анықталды. Жүлдегерлерге тағайындалған сыйақының көлемі де қомақты. 

Сенбі күні Астанада қазақ күресін серік еткендер боз кілемге шығып,  «Қазақстан барысы» атану үшін барын салды.  «КТК» телеарнасы мен Қызылорда облысының әкімшілігі бірлесе отырып дайындаған жобаға  ел Президентінің атындағы турнир деген ат тағылған еді. Жарыстың басты - мақсаты ұлттық спортымыз қазақша күреске жастардың ықыласын арттырып, ел ішіндегі насихатын кеңейте түсу.  Бір күнге созылған шоқтығы биік бәсекеде  жалпы есебі 64  балуан бақ сынап, алтын, күміс және қола белбеулердің иегерлері анықталды. Жүлдегерлерге тағайындалған сыйақының көлемі де қомақты. 

70-ке жуық балуанның ішінен бағы мен бабы қатар шапқан қызылордалық Ұлан Рысқұлға қол соқпаған жан жоқ.  Ұланға қарап  Қажымұқанның  ұрпақтары әлі ұсақталып кетпепті деген ойға келетініңіз сөзсіз. «Алтын белбеу» мен 150 мың АҚШ долларын жеңіп алған Ұланның туған інісі Әбдіразақов Руслан  да қазақша күрестен жүлде салып жүрген жастардың бірі екенін жеңімпаздың өзі жеткізді.  Алматы облысы, Балқаш ауданында 1986 жылы дүние есігін ашқан чемпион  қазақ күресімен қатар, дзюдоны да терең меңгерген.  «Жарыста жеңімпаз боламын деп ойлағаным жоқ. Қарсыластарымның бәрі қарымды. Залдағы халықтың ықыласына қарап, елдің қазақша күреске деген ықыласының ерекше екенін байқадым. Қазақша күреспен қатар, дзюдомен де айналыстым. Бірақ, бабамыздың қанында бар қазақша күреске бүйрегім үнемі бұрып тұрады » дейді Ұлан.

Ұлан Рысқұлдың  жеке бапкері  Садық Мұстафаев болса, өз шәкіртінің аты озғанына емес, қазақ күресінің даңқы артқанына қуанады. «Астанадағы турнирді ұйымдастырушы ретінде, қазақ күресінің жанашыры ретінде бір күндік бәсекенің қалай өтетініне қатты алаңдадым. Қуанышқа орай, қазақ күресінің көрермені,төл спортымыздың жанкүйерлері әлі жоғалмаған екен.  Залдағы 4 мың орын бос болған жоқ, оның үстіне тұрып тұрған жандар қаншама. Германия,Ресей, Беларуссия, Қытайдан бапкерлер мен мамандар келіп тамашалады. Интернет арқылы бастан-аяқ жарысты көріп шыққан  Еуропалық жанкүйерлерде есеп жоқ. Бұл турнир енді тұрақты түрде өтіп тұрады, бұйырса. Расында, белдесулер өте тартысты, қызықты өтті. Жарыс басталған бойда мынау жеңеді деп  жорамал жасау қиын еді. Өз басым спорттың осы түрінен маман бола тұра, ақтық сын аяқталғанша кімнің асығы алшысынан түсерін білген жоқпын. Қазақша күрес ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Оны көздің қарашығындай сақтап, ұрпаққа аманат ету біздің басты міндетіміз. Кәрістер таэквондосымен, жапондар сумосымен қалай мақтанса, біз қазақша күреспен атымызды шығаратын дәрежеге жетуіміз керек. Ол үшін қазақ күресінің насихатын арртыра беру керек, әрине. «Қазақстан барысы» сайысы қазақша күрестің дамуына кішкене де болса септігін тигізеді деп ойлаймын. Қазіргі жастар, қазіргі ұрпақ қазақша күрес әліппесін дұрыс меңгерсе, спорттың бұл түрі қазақпен бірге жасай береді. Қазақша күресті Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу үшін мұндай сайыстардың бірнешеуін өткізіп, шетелдік балуандарды да  жарыс жолына  қосу керек»- дейді чемпионның томағасын сыпырған Садық бапкер.

Күміс белбеуді Бейбіт Ыстыбаев, қола белбеуді Шалқар Жоламанов иеленді. Ал, үзік үштіктен сырт қалған  Арман Әбеуовті де көрермен  жылы қабылдады. Арман бүгінде Президент күзет қызметінде офицер қызметін атқарады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2464
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590