Сейсенбі, 4 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 93820. Жазылғандар — 65132. Қайтыс болғандар — 1058
46 - сөз 1765 4 пікір 14 Қараша, 2019 сағат 11:47

Этномазохизм

«Бостандық!» десең,
Айтары:
«Арандатпайық!»
«Аш қалдық!» десең,
Айтары:
«Арандатпайық!»

«Жер берсін!» десең,
Айтары:
«Арандатпайық!»
«Ел келсін!» десең,
Айтары:
«Арандатпайық!»

«Тіл өлді!» десең,
Айтары:
«Арандатпайық!»
Кім өлді десең де,
Айтары:
«Арандатпайық!»

«Арандатпайық!» деп жүріп, арам қатпайық!..

Талғат Ешенұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір