Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
2983 4 пікір 10 Қараша, 2018 сағат 13:00

Алматылықтар 2019 жылы қандай субұрқақтарды көре алады

Алматыда жайлы қала кеңістігін қалыптастыру барысында жаңарған даңғылдарға бірден бірнеше жаңа фонтандар салынды. Тіпті, қаланың тарихи орталығын реконструкциялау кезінде «ұмыт қалған» алматылық субұрқақтар жөнделіп, іске қосылды.

Мысалы, ҚТЖ ғимаратының алдындағы бұрынғы көлік тұрағының орнына жаңа фонтан пайда болды. Назарбаев даңғылы бойында бірнеше жаңа әрі құрғақ субұрқақтар іске қосылды.

Абай даңғылы бойындағы жаңа фонтандар да көпшіліктің көңілінен шығады, оның ішінде Спорт және туризм академиясы мен Түрксіб ауруханасының бұрынғы үйі алдындағы фонтандар көз тартатын болады.

Ұлттық кітапхана мен Байсейітова көшесі арасындағы фонтан құрылысы аяқталды. Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театры алдындағы фонтан жөнделді.

Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында бірден бірнеше жаңа фонтандар жұмыс істей бастады.

Абылай хан даңғылы Шевченко мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы ескі фонтандар реконструкцияланды. Құрманғазы атындағы консерватория алдына жаңа фонтан салынды. Бұлардан өзге, Алматы-2 теміржол вокзалының маңайында құрғақ фонтандар пайда болды.

Реконструкциядан өткен Орталық саябақтың шығыс жағында жазғы сахна маңына алма ағашы бейнесіндегі түрлі бояумен айшықталған жаңа фонтан анадайдан көз тартады. Мұнда 10 жыл бойы бос тұрған субұрқақ жөнделіп, іске қосылды.

Жаңа фонтандар салу мен ескілерін жөндеу кезінде қайтарма сумен қамтамасыз ететін әрі түрі пішінді, су қарқынын, галогенді шамдар беретін түрлі түсті жарық көздерін басқаратын озық технологиялар қолданылды.

Қысқы маусымда инженерлік коммуникациялар қатып қалмауы үшін барлық фонтандар дұрыс бекітілді.

Айта кетерлігі, Алматыда қазірдің өзінде тарихи орталықтың 60 пайыздан астамы жаңарды, 524 көше, 1400 ескі аула жаңарды. 300 км арық салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желі тартылды.

Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады, ал жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87%-ға дейін жетеді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1767
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1745
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1467
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1376