Дүйсенбі, 21 Қазан 2019
Жаңалықтар 1609 0 пікір 2 Қазан, 2009 сағат 05:53

Өскеменде ғасырдан да ұзақ жасаған он тұрғын бар

Өскемен. 2 қазан.  ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысы орталығының екі тұрғыны биылғы жылы 107 жасқа толды, біреуі 106 жасқа келген. Жалпы қалада ғасырдан да ұзақ жасаған он өскемендік тұрып жатыр. Бұл туралы Өскемен әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«106 жасқа толған Мария Орехова өзінің ұзақ жасауының сыры дене шынықтырумен шұғылдануда жатыр дейді. Қарт ана осы күнге дейін әр күнін жаттығу жасаудан бастайды. Ал ғасырмен құрдас Күләш Кәріпова діннен қуат алады», - деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.

Жүз жасаған өскемендіктердің қатарында он адам. Олардың тоғызы – әйелдер. Ерлерден жүз жасаған Степан Лавренюк қана бар.

«Осы қарттардың әрқайсысын 1 қазан Қарттар күні әкімдіктің қызметкерлері құттықтады. Бұл адамдар – Шығыс өңірінің алтын генофонды», -  дейді әкімдіктегілер.

0 пікір