Сенбі, 4 Мамыр 2024
553 3 пікір 22 Сәуір, 2024 сағат 19:15

Тәжікстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Сурет: ea-monitor.kz

Тәжікстан су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жеткізді. Бұл туралы Тәжікстанның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, гуманитарлық жүктерді тапсыру рәсімі Сарыағаш қаласында өтті. Тәжікстан Қазақстанға азық-түлік, ауыз су, құрылыс пен төбе материалдарын жіберді. Душанбе мен Худжандадан 61 вагон мен 13 жүк көлігі келген. Жүктің жалпы салмағы 3,5 мың тоннаны құрап отыр.

Сарыағашқа Тәжікстанның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің басшысы Р.Назарзода да келді. Оның айтуынша, бауырлас қазақ еліне жеткізілген гуманитарлық көмек Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы – Ұлт көшбасшысы, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның тікелей тапсырмасы бойынша жеткізіліп отыр.

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрінің орынбасары мен облыс басшысы тәжік халқына жасаған көмегі үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 15 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жөнелткен. Германиядағы отандастарымыз да гуманитарлық көмек жинауға кірісті.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1027
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 896
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 675
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 755