Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
949 2 пікір 19 Сәуір, 2024 сағат 14:07

Судья Айжан Құлбаеваны қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Cурет: Коллаж Ulysmedia

Жоғарғы соттың хабарлауынша Астана қаласының Полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Abai.kz.

Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

"Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен, ықпал етуге тыйым салатынын ескертеміз. Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесілетін болады", – делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 429
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 230
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 258
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 250