Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Қарғын су: 932 1 пікір 18 Сәуір, 2024 сағат 14:35

ІІМ: Қанша адам қаза тапты? Аймақтардағы ахуал қандай?

Еліміздің аймақтарындағы су тасқынынан 7 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті. 

Сенат кулуарында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев су тасқыны кезінде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен адамдарға қатысты қылмыстық істер қозғалғанын айтты.

НЕШЕ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ? ҚР ІІМ НЕ ДЕЙДІ?

"Иә, өкінішке қарай мұндай жағдайлар болды, БАҚ-та көп айтылды. Абай облысында екі адам жоғалды, Атырау облысында мәйіттер табылған. Абай облысында іздеу шаралары жалғасып жатыр", - деді кіші министр Қожаев. 

Вице-министрдің дерегінше, Абай облысында 2 адам жоғалып кеткен. Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кеткен. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалған және тергеу жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы, Құлсары қаласында тасқыннан 4 адамның қаза тапқанын айтқан. Абай облысында да өзен тасып жатқанда хабар-ошарсыз кеткен 4 адамға іздеу жарияланғаны айтылған. Ақтөбеде де қарғын суға батып кетті деген 2 адамның мерт болғаны айтылған. Алайда, жергілікті билік өкілдері "мерт болған 2 баланың ажалына тасқын судың қатысы жоқ" деп түйіндеген.

СУ ТАСҚЫНЫ: ЕЛІМІЗДЕГІ АХУАЛ ҚАНДАЙ?

ҚР ТЖМ мен Республикалық штабтың бүгін таратқан ресми деректеріне сүйенсек, Азаматтық қорғау қызметтері 117694 адамды, оның ішінде 43931 баланы құтқарды.

113852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 18651 адам үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 6887 адам, оның ішінде 3166 бала бар.

10,1 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,2 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 4216 тұрғын үй мен 2698 аула аумағынан су бұрылды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар