Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 326 0 пікір 15 Сәуір, 2024 сағат 18:50

“Таза Қазақстан” акциясы: Жамбыл ауданында сенбілік өтуде

Коллаж суреттері Жамбыл ауданы әкімдігінен алынды

Республикалық “Таза Қазақстан” акциясы басталғалы бері Жамбыл ауданындағы 61 елдімекенде күнделікті сенбілік өтуде.

Бүгін ауданымыздың рухани орталығы болып саналатын, Жамбыл ауылындағы Жамбыл Жабаевтың музейінде 500-ден астам адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті.

Өткен аптада “Таза өлке” акциясы бойынша желілік кестемен өткен сенбілік енді “КИЕЛІ МЕКЕН” акциясымен жалғасты.

Жамбыл ауылында өткен сенбілікке ауыл тұрғы, зиялы қауым өкілдері, өнер саласының қызметкерлері, ардагерлер, жастар, еріктілер, депутаттар қатысты.

“Киелі мекен” акциясы аясында Жамбыл ауданында орналасқан 51 ескерткішті тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргілетін болады.

Сонымен қатар бүгін дәл осындай сенбілік “Таңбалы” музейінде де өтіп жатыр.

Тазалық - денсаулық кепілі, ол үлкен мәдениеттіліктің белгісі.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл акцияға аудан халқы белсенді қатысуда.

Бұл экологиялық акция тұрақты жалғаса береді. Барша аудан тұрғындарын акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!

#тазақазақстан #киелімекен #сенбілік

Abai.kz

0 пікір