Сенбі, 27 Сәуір 2024
Әдебиет 1104 1 пікір 26 Наурыз, 2024 сағат 16:44

Ван Мэңнің «Күлкі мен желі» романы хақында

Сурет Википедиядан алынды

Аңдатпа: «Күлкі мен жел» мазмұны бай, адам көзқарасын өзгеретін роман.

Уақыт кезеңі 1950 жылдардың аяғынан 2019 жылға дейін, романда Қытайдың солтүстік ауылдарын, Шанхайдан Бейжің, Германия, Батыс Берлин, Греция, Венгрия және Ирландияға дейін барғаны сөз болады.  Бас кейіпкер Фу Дачэн орта мектепте оқып жүргенде «Күлкі мен жел» атты алғашқы өлеңінен кейін әдеби шығармашылық жолға түсіп, кейіннен мәжбүрлі некеге отырып, некеден тыс махаббат, ажырасу, қайта неке және ажырасу, эмоционалды күйзелістерді басынан өткерген. Ван Мэн махаббат тақырыбына тоқтала отырып, оның дәстүрлі және заманауи көріністерін зерттейді, қытай халқының санасы мен дүниетанымына үңіледі.

Бұл маұқалада Қытайдағы алпыс-жетпісінші жылдағы қоғамдық өмірдің дамуы мен өзгеруін баяндайды; Ол қытай халқының тез өзгеретін әлеуметтік жолымен тәтті-қышқыл, ащы, қуанышты және қайғылы қоштасуы арқылы жеткізеді;  Зиялылар буынының отауы мен махаббаты туралы сөз етіп оқырманға ой салады.

Түйін сөз: Күлкі мен жел, әдебиет тенденсиясы, әдебиет ағымы.

Қазіргі Қытай әдебиетін қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайға қарай үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші 1949 жылдан 1965 жылға дейін социалистік қайта құру кезеңі, бұл кезең солшыл тенденциялардың ықпалында болды.  Ол кездегі әдебиеттің негізгі мазмұны жаңа социалистік қоғамды, жаңа үкіметті және Жапонияға қарсы соғыс пен азамат соғысындағы жеңістерді мадақтау болды.  Екінші кезең 1966 жылдан 1976 жылға дейін мәдени төңкеріс кезінде әдебиет те басқа салалар сияқты бейберекеттік орын алды.  Бұл кезеңде әсіре солшылдар әдебиет пен өнер әлемін, бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа ұйымдарын басқарды; Шығыс және Батыс әдеби мұралары, Жаңа мәдениет қозғалысының қазіргі қытай әдебиеті және азаттықтан кейін жарияланған жаңа шығармалардың бәрі де «улы арамшөптерге» айналды.  Үшіншісі, 1976 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі жаңа кезең әдебиеті.  Бұл кезеңде әдебиет өз ұстанымдары бойынша дамыды және айтарлықтай жетістіктерге жетті.  Бұл кезең бұрынғыдан айтарлықтай ерекшеленді, бірақ сонымен бірге үлкен ауытқулар орын алды.

Алғашқы он жеті жыл әдебиеті кезінде (1949-1965) қазіргі әдебиетте оңшылдар мен солшылдар ағымы қалыптасты.  Оңшыл әдебиеттің басты өкілдерінің бірі Ваң Мэң болды. [1, 11-11 б.]

Ван Мэң (王蒙Wang Meng) Лақап аты – Яң үй. Ата-бабасы Хубей тұрғындары болған. Өзі 1934 жылы Пекинде дүниеге келген. 1945 жылы жеке меншік мектепте оқыған. Ван Мэн орта мектепте оқып жүргенде коммунистік идеялармен танысып, Бейжіңдегі №4 орта мектебінде оқыды. 1948 жылы ол орта мектепте Қытай Коммунистік партиясына қосылып, Гуоминдан үкіметіне қарсы студенттік қозғалысқа қатысады. 1949 жылы коммунистік партия билікке келгеннен кейін ол коммунистік жастар одағына жұмыс істеді және сонымен бірге шығармашылықпен айналыса бастады.

1955 жылы бірінші «Xiao dou er» атты дебюттік əңгімесін жазды. Онда жас пионердің туысы Гуоминьдан тыңшысы екенін біліп, бұны комунистерге хабарлайды. Контрреволюция тақырыбына қатысты жазғаны еді.  1956 жылы ол коммунистік жастар лигасының комитетінде бюрократияның басшылығына наразы болған жас жігітті сипаттайтын «ұйымдастыру бөлімінен келген жас жігіт» әңгімесін жариялады. Ол кезде Коммунистік партия кадрларының қараңғы жағын білдіретін шығармалар аз болғандықтан, әңгіме тез арада сенсация тудырды және Ван Мэнді оңшыл деп атады. 1956 жылы «Gan yu sheng huo» атты шығармалар жинағын шығарды.  1962 жылы Пекиндегі мұғалімдер училищесінде сабақ береді. Сол жылы «Yan jing», «Ye yu» қатарлы əңгімелерін жазды.[2, 141-143 б] 1963 жылдан 1978 жылға дейін Ван Мэн ШУАР Іле аймағы Баяндай ауылының екінші бөлімшесінде жұмыс істеді. Ұйғыр тілін үйренгеннен кейін ол қытай тілінен аудармашы, содан кейін екінші бөлімшенің орынбасары басшысы болды. Мәдени төңкеріснен кейін: 1978 жылы Ван Мэн кооператив қауымдастығының Бейжің филиалына ауыстырылды.1979 жылы Коммунистік партия оны ақтады. Ван Мэн Бейжіңге оралғаннан кейінгі алғашқы  «Лоббист Инмэн»  әңгімесін жазды. Онда жалқау жұмысшыны жазалаған зауыт директорының оқиғасын жазды. 1983 жылдан 1986 жылға дейін «халық гәзеті»-не бас редактор болып қызметке тағайындалады. 1986 жылы ҚКП-на мүше болады. Қытай жазушылар одағы басқарушының орынбасары болады. Сол жылдың маусым айында мəдениет министрі болып, 1990 жылға дейін қызмет атқарады. Мəдениет қозғалысынан кейін көптеген шығармалар жазды. Оның шығармалар Батыс модернизмі мен сана ағымының әдістеріне негізделген, олар әдеби әлемде үлкен сенсация мен пікірталас тудырды, ол қытай әдебиетінің кеңістігін кеңейтті . Жазушы заман, ұрпақ тәрбиесі туралы көп жазды.[3, 118-120 б.] Аталмыш жазушының 2020 жылы жазған «күлкі мен жел» атты көлемді романын қытай тілінен аудару мен пақырға 2021 жылы нәсіп болды.

Ван Мэңның «Күлкі мен желі» романында автордың пайдаланған стилі мен көркемдік ерекшелігі жазушының өзіндік даралығын көрсетеді. Ван Мэң бұл романда әдебиеттанудағы жаңаша бағыт, жаңаша ойлау қабілетін, жаңаша көзқарасты байқатты. Ван Мэннің кейіпкерлері жаңаша ойлай алатын адамдар. Стандартты ойлаудан бас тартып, өзін – өзі шектеуден бас тартады, жаңаша көзқарастарға жол береді. Жазушы шығармаларында жастардың бас бостандығы, әлеуметтік теңдік мәселесін көтерген туындылардың бірі. Гуманизм мен субьективтілікке жол беріледі. Бұдан Ван Мэннің новаторлық жаңашылдығын байқай аламыз. Автордың модернистік эстетикаға бет бұруы оның шығармашылығын жаңа белеске шығарады. Шығармаларға психологиялық және философиялық мән береді. Ван Мэннің шығармашылығы қытай әдебиетінің модернизмі жайында дисскуссиялар туындатты. Ол сол кезеңдегі қытай халқының рухани сілкінісіне куә болды. Оның шығармашылығы Қытайда болып жатқан өзгерістерді, халықтың сана-сезімінің өзгеруін көрсетеді [4. 156-157б]. Ван Мэннің шығармашылығында біз автордың реалды өмірді бейнелеуде жаңа әдеби құралдарды қолданғанын көреміз. Жазушы шығармаларында заман, ұрпақ тәрбиесі жайлы көп жазды.

Роман кейіпкерлері Ван Мэннің тағдыры мен өмір жолына келеді. Ван Мэннің «Күлкі мен жел» романын ғұмырнамалық романға жатқызамыз. Роман 1958 жылдың көктемінде оқуда жүрген Фу Дачыңның өмірінен басталады. Ол кезде ұлдар мен қыздардың бөлек мектепте оқитыны, қыз даусының өзі ғажайып дыбыстай естілетіні айтылады. Ол кезде оқушылар жатақханасында ұлттық дәстүр бойынша әжетхана сыртта болады, бас кейпкер бір күні  жарым түнде 200 метр қашықтықтағы әжетханаға барады, жас жігіт қорқақтап дәретін сындырып, қайтар жолда ұйқылы-ояу келе жатқанда құлағына бір ғажайып үн келеді де бірде естіліп, бірде жоқ болып кетеді, түнгі желмен тербелген қыз күлкісі оның ұйқысын шайдай ашады, сиқырлы күлкі желмен тербеліп, сан құбылады, үйінде әкпе қарындасы жоқ жалғыз ұлды қыз даусы елітеді, бірде жанынан шықса, бірде алыстап, үзіліп жоқ болады. Роман тақырыбы солай ашыла түседі, бұл ғажайып үн оған азанмен өлең жаздырады. [5]

Романда автор 1958-60жылдар аралығындағы Қытайдағы саяси жағдайды баяндайды. Ван Мэннің ең қымбат естеліктерінің бірі. Оқудан келген Дачыңды ата-анасы атастырып қойған еді. Қытай халқының ежелгі салт-дәстүрі бойынша қыз берісіп, қыз алысуы. Жастардың махаббат сезімдерін елемей үйлендіру тақырыбын қозғайды, Ван Мэннің жастарды ойлап, олардың көзқарастарының маңызды екенін оқырмандарға жеткізеді. Дачыңның ата-анасы оған ауылдағы бай шаруаның қызы Бай Тянмэйге үйлендіреді, олар солай бай отбасымен туыс болуға қатты асығады. Тіпті 18 дегі ұлына 20 жаста деп жалған куәлік етеді. Дачыңның ата-анасының өміріне келер болсақ: Дачың толықсыз орта мектепті бітіретін жылы, шешесі ауыр толғақтан пышаққа түсіп, қарындасы шетінеп кетеді. Анасы алты ай төсекте жатып, бел  омыртқасы айқпас ауыруға душар болады. Әкесі мен анасының жалғыз баласы болған Дачыңның басында бас тартсада, ата-анасының ойлап келіседі. Дачыңды өзінен 5 жас үлкен Бай Тянмейге қосады. Дачыңның әке-шешесі қуанды. Бірақ, Дачың өкінді. Ата-анасы өлмей тұрып жалғыз баласынан немере сүйсем деп армандады.

Үйленген соң әйелі Тянмэйдің күлкісін алғаш естігенде баяғы бала кездегі түнде естіген күлкінің дәл өзі екенін білді. Бұл тағдыр, бұл құдайдың қалауы деп ойлайды. Бір жағынан ол тамыры терең, бай, ауқатты отбасынан шыққан Тянмэйге үйленгеніне ауылдастары жақсы болды деп мақтайды. Тянмэйдің ботадай мөлдіреген қап қара көздері, қыр мұрыны оның текті отбасынан шыққанын растап тұратындай. Тянмэйдің туып өскен аймағы Ғұндaрдың ежелгі ата мекені, олардың  кейбір тайпалары қытайға сіңіп кеткенін еске алып, әйелін Ғұндардың үрім-бұтағы деп түжырымдайды.   Тиянмэй өзінен бойы ұзын, жасы кіші күйеуін ертіп аудандағы Бәй әулетінің  жеке доқтырына ертіп барады, дәрігер оларға 3 қорап дәрі береді. Дачың дәріні ішкен соң күш қуаты толып, өңі жақсарады, тепсе темір үзетін әдемі жігітке айналды. [5].

Дачыңдар көп ұзамай балалы болады. Алоң мен Афың атты қызы мен ұлы дүниеге келеді. Дачың келіншегін ауылына тастап универге оқуға кетеді, оқуын таусып басқа қалаға жұмысқа орналасады,  да Дачың тағыда жалғыз өзі күн кеше береді. Қартайған әке-шешесі енді былай жеке өмір сүруге болмайтынын айтып ескертеді. Олар өлерінде Тянмэйге жақсы қара, одан құдай үшін ажырама деп уәдесін алып бірінің артынан бірі қайтыс болады. Содан кейін де Дачың әйелін жалғыз қалдырып жалғыз жұмысқа кетеді, осы кезде әйелі екі баласын арқалап оны іздеп барып бірге күн кешеді. Ол студент шағында да жұмыс істеп жүргендеде өзінің әйелі бар екенін ешкімге айтпаған еді. Енді бәрі әшкере болады. Дачың жалға үй алады.

Ол кезде билетке ет, астық, күріш алатын заман еді. Дачың мемлекеттік қызметкер болсада вeлocипeд жөндейтін шеберхана ашады. Ол кезде әр бір отбасына бір  велосипед болған. Сол себепті вeлocипeдтeр жиі бұзылды, Дачың бір отбасының вeлоcипедiн бір айда екі-үш рет жөндейді. Велocипед жөндеуден қала халқы арасында танымал болды. Отбасының жылулығы дегенді енді түсініп, әйелі мен бала шағасына көп көңіл бөледі. Кедейшілік қысқан сол кездерде әйелі қолдан көп тағамдар жасап сатады, елдің үйі қурап тұрса, оның дастарқаны жайнап тұрады.

Іскер әйелі «ауыл сағынышы» атты шайханасын ашады. Біреудің көреалмаушылығынан Бай Тянмэйді  шайханадағы күдікті ойын-сауық жүргізді деген айыппен тергеуге алынады.  Осы кезде Дачың Тянмэйді құптамайды. Ал Дачыңның ауырып жатқанда әйелі оның асыты-үстіне түсіп қарайды.

Афың мен Алоңның  ер жете бастайды, ежелгі дәстүр бойынша қызының ән айтуын құптамаған шешесі мұлде оған қарсы болады ал әкесі Дачың қатты қолдайды. Тянмэй әр кез Дачыңның көңілінен шығу үшін бәрін істеді. Күйеуіне қарсы келмейді, Дачың қанша ұрсып жатсада ол ауыз ашпайды, сонда күйеуі бұның тілі жоқ па деп, те қалатын, бірақ ол әйелдің тектілігі еді. Алайда Дачың оны ол кезде түсінбеді. Сондада оған еш көңілі толмады.

Дачың Тианмэймен бірге тұрған кезде оның шығармашылығы өркендеп, Тианмэй де жаңа іс бастап, барлық тірлікті дөңгелетіп алып жүрді. Үй шаруашылығын да, сырттағы жұмысын да. Осыған қарап-ақ, біз бұл отбасының алдыға ілгерілегенін, жанұясының сәтті болғанын көре аламыз. Олар балалары үшін барлық жағдайды жасай алды. Дачыңның жанына әйелі бала-шағасы келгеннен кейін үлкен жетістіктерге жетеді. Дегенмен ол тойымсыздықпен бірдеңе іздей берді, бірақ сол нәрсенің не екенін өзі білмейді. Дәл осы жерде Ваң Мэн бізге адам баласы қолда бардың қадірін білмей, барына қанағат етпей, өзінде жоқты іздейтін, тойымсыздығын ескертеді. Романда автор өзінің тағы бір туындысы «Қарекет адамды өзгертеді» деген романын тілге тиек етеді. Ол романнан Дачың 4-мамыр қозғалысы тұсында өмір сүрген білімді де ұлы адам болсада елеусіз қалғанын ал кейбіреулердің құр бос айғайға салынып, істеген шаруасында түкте тамтығы жоқ, жаңа өмірде, жаңа мәдениетке талпынып, одан мазасы кетіп, қынжылып жүретіндердің бар екенін айтады.

Саяси қозғалыс бас кейпкерге қарапайым адам болуды түсіндірді. Дачың Тиянмэйге рахмет айтуы тиіс. Тиянмэйдың көз алдында күйеуін баладан данаға айналдырады. Текті әйелі оны мәдени күрестерге араластырмай  аман алып қалады.

Енді ғана бақытты адам болдым ба деп өз-өзіне сұрақ қойып жүрген Дачың Бейжіңге жазушылар конференциясына барғанда Ду Сяожан атты  мұғаліммен танысып, некеден тыс махаббат сезімін кешеді. Олардың арасында бір-біріне арналған өлең шумақтары, ғашықтық хаттар болады. Тянмэйдің сыйластығын аяққа таптаған ол ешқашан ол өз-өзін дұрыс емес іс істедім деп айыптамайды.

Сяожанның Дачыңға жазған хаты және сол хатты кітап ретінде жарыққа шығаруы. Кітапқа «махаббат хаты емес» деп ат қоюы. Осы кітапқа сыншылардың критикалық пікірлері. Дачыңның қызы Афыңның сахнада «Сағыныш пен махаббат» атты ән шырқауы, бұл әннің сөзі әкесіне көңілдесінің жазған хаты екені.

Тянмэйдің өнер мектебінде балаларға сабақ бере бастайды. Алұң Америка кету туралы ойлайды, алайда әкесі Дачыңның көңілдесі бар екені оны қатты ойға батырады. Дачыңның Жазушылармен бірге Берлинге келуі. Дачың мен Сяожанның тағы да кездесуі.  Дачыңның қонақ уйде ойға батып, ұйықтай алмай Сяожанмен әңгімелесіп, Сяожанның тізесін құшақтап ұйықтауы. Жазушылар жиналысындағы шабыттану және барлығының өлең оқып шығуы. Өлеңдердің әр түрлі тілдерде айтылсада, мән-мағынасын түсінбеседе барлығының рифмалық ырғақтардан ләззат алып тыңдауы. Неміс тіліндегі спектакльді тамашалау, Дачың мен Сяожан пікір алмасып, көріністен алған әсерлерімен бөлісу. Гунтер Гласстың үйіне қонаққа бару. Ол жазушыларды жақсы күтіп алды. Өзінің өмірі жайлы баяндады. Гитлер әскерінде болғанын, соғыс туралы әңгімелер айтты. Қытайда болған командировкадан алған әсерлерімен бөлісті. Семинарда екі тарап әдебиеті, өнер, нарық, Америка идеологиясы талқыланды. Дачың мен Сяожанның Берлин қаласы бойынша саяхаттары және Дачыңның ойға батып, өз-өзіне сұрақтар қоюы. Енді Германиядағы сапарларынан кейін олар махаббат хаттарын бір-біріне жаза бастады. Көп ұзамай 1986 жылы Бай Тянмэйден Дачың ажырасуға өтініш берді. Балалары әкесінен бас тартады. Тянмэй күйзеліске түсті. Алайда, жан-жағындағы адамдардан көп қолдау тауып, балаларының қолдауын алып, өз-өзіне келді. Соттағы айтыстары өте жіңішке баяндалған. Сот залында өз әйелін өзі танымай қалады,оның өзгерген қалпын көреді, киген кимі, үндемес әйелінің мірдің оғындай шешен сөйлеуі Дачыңды таңғалдырады. Әйелден ажырасқан Дачың ауылға барды. Ауылдағы Бай Тянмэйдің жанашырлары мен тума-туыстары оны қоршап алып, соққыға жықты. Бұл өз ұлының тапсырмасы екенін біледі. Дачың ойға батты, бәрін саралады. Естеліктер көз алдынан өткендей болды. Ол көп ойланып, Бейжіңге Ду Сяожанға барды. Бейжіңде ол жаңа рухпен өмір сүре бастады. Сяожан оған көмектесті. Дачыңның Қытай әйелдер воллейболы туралы репортажы сәтті шықты. Оның шабыты оралып, өлеңдер жаза бастады. Көп ұзамай ол қытай оқырмандары арасында әйгілі болды. Әдебиет әлемінде Сяожан екеуінің махаббаты аңызға айналды. 1991 жылы Дачың мен Сяожан үйленді. Бірақ Сяожан мен Дачың арасындағы кикілжіңдер оның махаббатын суытып жіберді. Ол үнемі Тянмэй мен балаларын есіне ала бастады. Дачыңның бұрынғы отбасын сағынып, еске алып, мұңға батуы.  Кейін тіпті Дачың мен Сяожанның көп ұрысуы. Дачыңның екі некесін салыстыруы. Сяожанның баласымен табысуы.  Тянмэйдің жүрек ауруымен қайтыс болуы. Дачың Тянмэйдің топырағын салуға келді, бірақ баласы ұлы Алүң анасының аруағына жолатпай, оған тыныштық бер деп ескерту айтуы. Сяожанның Дачыңды тастап баласының қолына көшуі. Олардың айырылысуы. [5]

Қарттық туралы Дачыңның ойлары. Аяғында Дачың өзінің таңдаған шешімінің кесірінен ол Сяожаннанда, Тянмэйденде, балаларынан да айырылды. Оның терең ойларға батуы.

Романдағы екінші бір ления бар онда 1961жылы Дачың мен Жау Гуаңсай екеуі бірдей шет тілдер инстутына оқуға түседі. Дачың орыс тілін оқыса, Жау Гуаңсай жапон тілін оқыды. Кейінгі кезде Жау Гуаңсадың тасы өрге домалап, мансапқа жақын болды. Ал Дачың әдебиетке құштар болып, елге таныла бастады. Танымал жазушы қатарынан бой көрсетті. Осы екі дос романда анда-санда еске алынып отырады, соңында екеуінің де зейнетке шығып қалжыраған шағында зая кеткен өмірлерін ойлап жылайды, өздерін өздері сабайды, неге осылай ит боларымызды 40, 50, 60 жаста білмедік деп өкінеді.

Сонымен бірге бұл романда біздің Қазақстандағы тың игеру ісі де қозғалады. Тың игеруге келген орыс жігіті еліне барған соң көп балалы отбасыларға әлеуметтік жәрдем ақы берерде бір баланың саны толмай қазақстанда қалған баласына келіп оны алып барғанда әйелі екі баласын көршісіне беріп жібергені тамаша суреттеледі. [5]

Бұл романнан түйгеніміз Ван Мэннің бізге жеткізгісі келген ойы отбасылық қарым-қатынас, адамдар арасындағы қарым-қатынасты оқырмандарға көрсету. Мүның өзі өмірдің заңдылығын көрсетеді. Адамдардың жалғыз өмір сүре алмайтын қарапайым қағиданы көрсетеді. Себебі бірге болған кезде ғана адамдардың арасында гармония, алдыға деген үміт, мақсат пайда болады.

ХХ ғасыр - қытай халқының және  мәдениетінің дамуы тарихында айрықша iз қалдырған кезең болды.Қытайлардың каранғылыкта камалып экономикалык мешеулікте өмір сүріп отырғаны, білім-өнерден алыс қалғаны, сыртқы және ішкі езгінің халықты тоздырып бара жатканы сиякты жайттар ақын-жазушылардың шығармаларында жан-жакты айтылды. [6, 19-20 б.]

Өмір шындығына тереңдеп барып, оның күрделi жағдайларын суреттеуге бет бұру, сол аркылы коғамдык дамудың сырына үңілу әдебиеттің көркемдік мүмкіндігін кеңейтті. Әлемдік әдебиет тәжірибесіне сүйену, олардан үйрену жолы басталды. Жана жанрлар туып, ескi жанрлардын жана мазмұнда дамуы өріс алды. Әуелде әдебиеттану, демократтык сарында басталған реалистік суреттеу өнері сыншыл бағытқа бет бұрды. Осы игі дәстүр ХХ ғасырдағы бүкiл әдебиет дамуына негіз болды. Ғасырдың 20-жылдарынан бастап Қытайда қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты жана әдебиет туды. Ол социализм орнатудын киыншылыктарын бастан кеше отырып, күрделi даму жолынан өтті. Адамнын азаттык жолындағы ой-тілегін, жаңа өмір үшін күресін, алыс арманын жырлауда жана әдебиет бiркатар жана сапаға ие болды. Жана адамнын бейнесін жасауға көтерілді. Өмірдің адамды ілгері жетелейтін оптимистік бағытын бетке ұстап, жалпы адамзат рухын көтеруге бағытталған әдебиет дәстүрін калыптастырды. Заманның алға қойған міндеттерін сабак ете отырып, батыс халықтарының озык ойлы әдебиетімен, сол аркылы әлем әдебиеті үлгілерімен танысты, олардан үйренді. Осы жолмен өзiнiң iзденiстерiн байытты, жанрларын жетілдірді, кадрларын толыктырды. ХХ ғасырдын екiншi жартысында шындыкты көркемдік жолмен танудың жана биігіне көтерілген ұрпақ өсiп жетiлдi. Осылардын еңбегімен ХХ ғасырдың әдебиетi жасалды. Ол бүгін халық пен оның мәдени дамуынын өткен жолына айналып, ұлттық мәдени мұраны кұрайды. Оны окып уйрену, халык тарихын білу, әдебиеттің өсу жолын ұғыну- жас ұрпақтың міндеті. Әдебиет халық өмірінің шындығын суреттеу негізінде жас буынды азаматтық, гуманистік идеяларға, Отанын, ұлтын суюге баулиды. [7, 190-192 б.]

Ван Мэннің романдарынан осындай өмірге қажетті қарапайым өмірлік қағидаларды көре аламыз. Осы өмірлік қағидаларды түсіне алмай өмір бойы арпалысып өткен адамдар қаншама. Жазушының романынан пәктіктің, нәзіктіктің самалын сеземіз. Бұл роман бізге ой салып, дұрыс өмір қағидасын ұстануға әсер етеді. Ван Мэннің романдары қытай оқырмандарын ежелден болып көрмеген шыт-жаңа әсерге бөледі.

Бұл романнан біз жазушының нәзік ішкі жан-дүниесін көре аламыз. Жазушы қыздардың әдемі күлкісінің жас бозбаланың жүрегін тамсандырып, өлең жолдарын жазуға итермелегенін көреміз. Жүрегіне шабыт беріп, жаңа сезім сыйлады. Бұған дейін өзіне беймәлім сезімді сездіртті, оның жүрегі құлшына түсіп, шабыт оты оны өлең жолдарын жазуға мүмкіндік берді. Мұның өзі өмірде адамға үнемі шабыт қажет екенін, шабыттанған, құлшынған жүрек көптеген жақсы нәрселерді істей алатынын көрсетеді. Ван Мэннің романында пәктіктің самалы есіп тұрғандай, тамсандырарлықтай ұйқасты келетін де, онда классик әдебиеттің шарасынан шайқап шығарылған осы замандық сұлулық сезіліп тұратын. Шынайы өмірді суреттеген романдары Ван Мэннің шығармашылық даралды. Бұл романда автордың негізгі мақсаты – адамның ішкі жан дүниесін сипаттау.

Автор романның атын «Егер өмір сені алдаған болса...» деп те қойғысы келген болатын.

Романда Дачың Сяожанға үйленгенімен алғашқы жарын қайта қайта есіне түсіріп сағынады. Себебі Тиенмэй оның қас қабағына қарап, оған барынша құрмет көрсетеді. Сондықтан Дачынның көңілі жай тауып, жұмысын жасай беретін. Ал Сяожан болса өзіндік ойы бар әйел, ол да өзіне деген құрмет пен ілтипатты қажет етеді. Оның да сұраныстары көп. Егер Тианмэй жанұясы үшін бар күш-жігерін аямай, еңбектенсе, Сяожан болса өзінің құқығын қорғап жүрген жан.  Ол бәрін тепе-тең жасағысы келеді. Бірақ бір өкініштісі ер адамдар әйел адамдарға қарағанда бұны жай түсінеді.

Бас кейіпкерге жетіспегені бір ғана нәрсе өзі қиялдаған махаббат, өзі қиялдаған сұлулық қана. Сол үшін ол некесін бұзып, сұлулықтың артынан жүгірсе де, сол сұлулықтың қасында өмір сүре алмады. Себебі отбасының бақытты болуы үшін сезімнен басқа да көп нәрселер қажет. Ол шыдамдылық, төзімділік, жарына деген үлкен махаббат, жанашырлық, аяушылық сезімі. Осы нәрселер болған кезде ғана нағыз бақытты отбасы бола алады деп сенеміз. Неке адалдығын бұзған Дачын өзі де алданады, жарының жүрегіне де үлкен қаяу салады. Себебі өзі де бақытты бола алмайды, жарының жүрегін де жаралайды. Жарыңды алдама, неке адалдығын бұзба деген сөздердің ақиқаттығы айқындалады. Дачынның екінші жарын үнемі бірінші жарымен салыстыруы да бекер емес. Ол қанша Тиенмейды жақсы көрмеймін десе де, бәрібір ол оның алғаш қосылған жары. Оның жап –жас күнінде, 18 жасар бозбала кезінде қосылған жары болатын, сол себептен де ол әрине екінші жарын онымен салыстырады. Және әкелік махаббаты, балаларына деген сағынышы оған маза бермейді. Себебі жарын тастағанда ол балаларын да тастап кетті. Бірақ дәл сол кезде ол бұны ойламады. Себебі алдында оны қиялдаған арманы күтіп тұрды. Бірақ бұл арманның балалармен салыстырғанда түкке тұрғысыз екенін көре аламыз. Оның бәрі де уақытша алдамшы көрсе қызар нәпсі қалауы ғана. Ал шынайы нәрсе дегеніміз - оның балаларына деген махаббаты. Себебі әкелік махаббат ешқашан өшпейтін махаббат. Қазіргі кезде әкелер тұрмақ, аналардың балаларын тастап кетіп жатқан жайы бар. Бұл одан да қорқынышты. Бұл қоғамымыздың құлдырап бара жатқанын көрсетеді. Материалдық құндылықтардың рухани, адами құндылықтардан жоғары шыққанын көрсетеді. Біз бұған бей-жай қарайтын болсақ, көптеген мәселелерге тап болатынымыз сөзсіз. Хайуанаттар да балаларын тастамайды сонда қазір біз хайуанаттардан да жаман болғанымыз  шын.

Ван Мэннің атастырмай, жастар сүйіп қосылу керек деген ойы дұрыс болсада отбасындағы ерге құрмет қана барлық нәрсені шешеі. Қазіргі қоғамда сүйіп қосылған жастар қаншама... бірақ бір қарасаң келесі жылы-ақ ажырасып жатады. Өкініштісі кішкентай сәбилер қиналады. Бұны ойлап жатқан жастар жоқ. Керісінше әдемі өмірді, жеңіл өмірді іздейді. Бірақ жеңіл өмір жоқ, бәрі шыдамдылықпен, еңбекпен келеді. Сондықтан отбасының беріктігі адамдардың шыдамдылығы мен қажырлы еңбегінде деп білеміз. Мұны ойламаған Дачынның өміріне көңілі толмай қалған өмірін уайыммен өткізгенін көреміз....

Романның тілі өте күрделі, эпизоттары шынайы. Ақпарат пен білімге толы. Қытайдың тарихы, адам өмірі, қоғамдық әдет-ғұрыптары сөз болады, онда алпыс жылдан астам уақыт бойы адам жанындағы өзгерістері жеткізіп, автор өз танымын толық көрсетеді. Ван Мэннің халықтың азаттығы жолындағы күресінде қытай қоғамындағы жастардың жай-күйі, тағдыры елеулі орын алады. [10, 200б.]

Пайдаланған әдебиттер тізімі:

  1. 金莉莉:《中国现当代文学史(上)》教学大纲. 08.08.2022. Осы заман әдебиетінен лекция. 15.05.2023
  2. Абдырақын Нұрхалық “Жаңа заман Қытай әдебиеті: оқу құралы”, Әл-Фараби атын. ҚазҰУ.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2013.-217б
  3. Н.Абдырақын, Ә. Бисенбаева. Қазіргі заман қытай әдебиеті (I бөлім): оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2022. – 219 б.
  4. Н.Абдырақын, Ә. Бисенбаева. Қазіргі заман қытай әдебиеті (II бөлім): оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2023. – 206 б.
  5. Абдурақын Н. Ван Мэн «Күлкі мен жел» роман аударма. Шығыс әдебиеті баспасы. 2023. Алматы
  6. Ван Мэн. «Во ши Ван Мэң: Ван Мэң зибай» (И Ван Мэн: Ван Мэңнің мойындауы). «Заманауи жазушылар: Аяндар» сериясы. - Пекин, Туанджие чубанше, 1996, 150
  7. Ван Мэн. Қазіргі қытай әдебиеті контекстінде. \ Құрастыру. және респ. ред. С.А. Торопцев. - М., IFES RAS, 2004
  8. Го Баолян .«王蒙小说文体研究(Исследование романов Ван Мэна)» Пекин, - 2006 . 32 с.
  9. Cope-Kasten, Vance Meeting Chinese Philosophy // An introduction to Chinese culture through the family / Ed. Howard Giskin, Bettye S. Walsh. -Albany: SUNY Press, 2001. pp. 41-58.
  10. 洪子诚:《中国当代文学史》北京大学出版社出版,2023年 503页

Нұрхалық Абдырақын

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті доценті, PhD доктор

Abai.kz

1 пікір