Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3655 0 пікір 26 Маусым, 2013 сағат 08:51

Мемлекеттік «KAZsport» телеарнасы 1 шілде күні ашылады

«2013 жыл 1 шілде күні отандық телеарналар  кеңістігінде тұңғыш рет   «KAZsport»  спорт  телеарнасы  өзінің алғашқы хабарын таратады» деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» рспубликалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.

Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев   2012 жылы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» жолдауында  Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Мәдениет және Ақпарат министрлігіне бірлесіп  мамандандырылған спорт арнасын ашу туралы тапсырма берген болатын.

Бұл арна «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді.  Еліміздің  барлық аймақтарынан тікелей эфирде  хабар таратуға мүмкіндігі бар корпорация құрамындағы  «KAZsport»  телеарнасын жерсеріктік және кабелдік жүйеде хабар тарататын операторлар арқылы көруге болады.

«KAZsport»  спорт телеарнасының шығармашылық ұжымында өз ісінің білікті мамандары қызмет атқарады. Олардың арасында  Қазақстанның ең үздік спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы  жүлденің иегерлері де  бар.

Қазақстандық жанкүйерлер Ұлттық құрама командалар қатысатын құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды, ел біріншіліктерін тікелей көре алады.  Атап айтсақ:  велоспорттан Тур де Франс пен  Вуэльта көпкүндіктері, су спорты түрлері, жеңіл атлетика, дзюдо, көркем гимнастика, каратэ шито-рю, грек-рим және еркін күрес, ауыр атлетика мен шаңғы спортынан Әлем чемпионатын, волейболдан әйелдер арасында Әлемдік гран-при кезеңдік ойындарын, Неміс бундеслигасын,  Қазан қаласында өтететін  жазғы Универсиада ойындарын, тенистен  Wimbledon турнирін,  волейбол, ауыр атлетика мен велоспорттан Азия біріншіліктерінен трансляция ұйымдастырылады.

Тәулігіне 20 сағат хабар тарататын арнаның бағдарлама кестесінен  Футболдан Қазақстан премьер-лигасы мен Ұлттық құрама кездесулері, спорт түрлерінен ел чемпионаттары мен кубог ойындарын да  табуға болады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1694
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1648
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1379
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1312