Сенбі, 19 Қазан 2019
Жаңалықтар 4992 0 пікір 26 Наурыз, 2013 сағат 10:44

Теледидар көру зиян ба?

Мереке күндері демалыс күндеріне жалғасып бүгіннен бастап алдағы дүйсенбіге дейін Қазақстан халқы төрт күн бойы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлайды. Қазақи дәстүр бойынша Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе, жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан бастаған екен. Бұрынғылар тазаланған арықтарға су жіберіп, ағаш отырғызған, гүл еккен. Той-думан одан әрі «Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан» сияқты ұлттық ойындармен жалғасады, ән салып, би биленеді, ақындар айтысы бір жақта, күрес, атжарыс, теңге ілу, қыз қуу сияқты спорттық ойындар екінші жақта қызып жатады.

Мереке күндері демалыс күндеріне жалғасып бүгіннен бастап алдағы дүйсенбіге дейін Қазақстан халқы төрт күн бойы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлайды. Қазақи дәстүр бойынша Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе, жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан бастаған екен. Бұрынғылар тазаланған арықтарға су жіберіп, ағаш отырғызған, гүл еккен. Той-думан одан әрі «Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан» сияқты ұлттық ойындармен жалғасады, ән салып, би биленеді, ақындар айтысы бір жақта, күрес, атжарыс, теңге ілу, қыз қуу сияқты спорттық ойындар екінші жақта қызып жатады.

Кешкісін жастар «Алтыбақан» айналасындағы тамашаға жиналады. Қызықтың барлығы осында болатын. Ал қазір ше? Бүгінде той-тамашаның барлығы үйдің ішіндегі «жәшікте». Мереке неше күнге созылса, соншама күн үйден шықпай, теледидардың алдында жататындар бар. Көпшілік теледидардың алдынан шықпайды, арасында бір-біріне қонаққа барып, наурызкөже ішіп келеді, қайтып келіп тележәшіктің алдына жайғасады. Орыстардың көктемгі «Масленница» мерекесі, татарлардың «Сабантойларына» қарасаңыз біршама белсенді түрде өтеді. Бұл кезде неше түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, жұрт соған жаппай қатысуға ұмтылады. Бізге де сондай жастар алқынып-жұлқынып, жарыса қатысатын спорттық ойындарды көптеп ұйымдастыру керек сияқты. Сырттағы әлемді компьютер, теледидар арқылы ғана танып, «үйкүшік» болып өсіп жатқан жастарды ұлттық мейрамдардың мән-маңызын үйретіп, бойларына сіңірмесек олардан да айырылып қалуымыз мүмкін. Теледидардың да, интернеттің де жақсы жақтары бар, бірақ олардың денсаулыққа, адамның ой-өрісіне, психикасына тигізетін зияндарын да ұмытпаған жөн.

Теледидар пайда болғаннан бастап ғалымдар оның адамдарға беретін пайдасы мен зияны ту­ралы бір пікірге келе алмай, тар­тысып келеді. Сарапшылардың бір жағы теледидар пайдалы десе, екінші жағы пайдасынан зияны көп дегенді айтады. Сонымен, көгілдір экран жөнінде ғалымдардың не айтатынына құлақ салайық. Теледидардың әрбір үйдің төрінен орын алғанына ондаған жыл болды, бірақ оның адамдар үшін үлкен қатер әкелетінін ешкім айтпайды. Біз компьютер, мик­ро­тол­қынды пеш, электр пойызда­ры, күшті радиолокациялық стан­са­­лар, байланыс тораптары, қалта теле­фон­дары болмаған кезде кө­гілдір эк­ранмен таныстық. Ол кез­де пла­нета жоғары вольттық же­лілер, ұялы телефондардың ра­дио­тран­слятор­лары сияқты ғаламат күші бар жү­йелермен бүгінгідей оралып тас­тал­ған жоқ болатын. Қазір осының бар­­лығы адамдардың жұмысын бір жа­ғы­нан жеңілдетті, ал екінші жа­ғы­нан денсаулығын құртып жатыр.

Теледидарды алысырақ оты­рып көретін болғандықтан ден­саулыққа әсер етуі компьютерге қа­рағанда аздау, бірақ оның ал­дында біз көп уақытымызды өткі­земіз, сондықтан көгілдір экран­нан келетін кесел көп болмақ. Электрлік магнит өрістерінің әсе­рінен тез шаршау, ашушаңдық, ұмытшақтық, ұйқының бұзылуы деген кеселдер шығады. «Бұлар теледидардың әсерінен болады» деп адамдар ойламайды, өйткені көгілдір экранның әсері білдіртпей бойды алады. Америкалық зертханалар­дың біріндегі көртышқандар ұстайтын көрші бөлмеге теледидар қойып, ғалымдар бақылауға алған. Әдетте, орта есеппен 12 баладан табатын көртышқандар теледидар пайда болғаннан кейін бір-екі баламен ғана шектелген, олардың өзі өліп қала берген. «Сұйық кристалды немесе плазмалық экраны бар те­ледидарлардың денсаулыққа еш­қандай әсері болмайды» деген қате пікір екен. Клиникалық зерт­теу­лердің нәтижесі бұл экрандар­дың адам ағзасына әсері бұрынғылар­дан 2 есе көп екендігін көрсетті. Электромагниттік қауіпсіздік ор­талығының 1996 жылғы ком­пью­терді пайдаланушының қызмет­тік жағдайын зерттеу нәтижесінде, тіпті аз уақыт (1 сағат) жұмыс іс­теген адамда монитордың элек­тро­магниттік сәулесінің әсері­нен гармоналдық жағдайы әлсіреге­ні және ми биотоктарының бірша­ма өзгеретіні анықталған. Қанның құ­­рамы онкологиялық ауруға шал­дық­қандардың қанына ұқсайды. Әйелдердің эмоциялық жағдайы­на және өтіне қатты әсер етсе, ер­кектердің гормондары әлсіреп, потенциясы төмендейді. Теледи­дар да осылай әсер етеді. Көрер­мен­дердің көздері шаршап, ауы­рады, бас ауруы пайда болады, ұйқы бұзылады, ағзаның пси­хофизикалық жағдайы бұзылады.

Ғылыми-зерттеулер электрлік сәулелердің адам ағзасына жүздеген әсері бар екенін дәлелдеп отыр. Олардың әрбір клетканы қалай тесіп өтіп, бүкіл органдар мен жүйенің қызметтік жағдайын қалай өзгертетінін көзбен кө­ре­тіндей жасап, адамдарға көр­сететін болса, қазіргі кеңседегілер жұ­мысқа барудан бас тартар еді. «Қысқатолқынды пештің адам ағзасына қандай зиян екенін көрген адам оны лақтырып тастар еді» деп ескертеді неміс ғалым­дары. Венадағы пациенттердің мүд­десін қорғау жөніндегі ха­лықаралық қауымдастықтың пре­зиденті, профессор Томас Тиль осы қысқатолқынды пештің зия­нын алғаш шыққан кезден бастап зерттеп, өткен ғасырдың сек­се­нінші жылдары оны қолдануға қарсы пікірлер айтқан. Қысқа­тол­қынды пештің сәулесі көкө­ніс­тің құрылымдағы өсімдік алколои­дын өзгертеді екен. Химиялық өзге­ріске түскен тағамнан лимфа­тия­лық жүйенің қызметі бұзылады, оның арты ағзаның иммунитет жүйесін төмендетуге соқтырады. Ең бастысы, қысқатолқынды пештен сәулеге малынып шыққан тағамды жеу - ісік клеткаларының көбеюіне және қанның ұюына ықпал етеді екен. Статистикаға қарағанда, қысқатолқынды пешті көп пайдаланатын адамдардың асқазанында, өңешінде ісіктер пайда болған.

Қазіргі кезде теледидар үйі­міз­дің әр бөлмесінде, тіпті ас іше­тін бөлмеде де, автокөлікте де тұрады. Гастроэнтерологтардың мәлім­деуінше, көгілдір экранның ал­дын­да отырып тамақ ішу, әсіресе, балалардың денсаулығына өте зиян. Бұл асқазан жарасын, гас­трит ауруларын қоздырады екен. Тамақтанып отырып теледидар көр­ген кезде асқазан секрециясы аз бөлінеді, ал бұл көптеген ау­руларға себеп болады. Германия­лық ғалым Манфред Спицердің зерт­теулері теледидарға үнемі те­сіліп отыратындардың көбі жү­регін май басып, қайтыс бола­тын­дығын дәлелдепті. Оларда диабет, жоғары қан қысымы, қанда хо­лес­териннің көбеюі пайда бола­ды. Ғалымның мәлімдеуінше, көгіл­дір экранның алдынан шықпай, қат­ты берілудің нәтижесінде жылы­на 20 мың неміс жоғарыда атал­ған аурулардан қайтыс болады екен.

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина университетіндегі ғалымдар «те­ледидар баланың когнитивтік қызметінің дамуына кері әсер етеді, сондай-ақ ойын жұмылды­руға кері әсерін тигізеді» деген тұ­жырым жасап отыр. Көгілдір эк­ранның әсері ең алдымен көру мүшесіне емес, есту қабілетіне зиянын тигізеді. Ғалымдардың зерттеулерінше, бала теледидарды қарамай-ақ, маңында ойнап жүр­ген күннің өзінде назар аудару, принциптік ойды жұмылдыру қабі­леті нашарлап, оның миында кереғар реакция жүреді. Тіпті те­ледидар басқа бөлмеде қосулы тұрса да бала оны естиді, сөйтіп ойнап жүрген, кітап оқып, үй жұ­мысын жасап отырған баланың миы тұрақты режимде керексіз ақпараттарды қабылдап, оны алаңдатады. «Көгілдір экран үйде күніне 90 минуттан артық қосыл­мауы тиіс» деген кеңес береді ғалымдар.

Әрине, бұл көгілдір экранға мүлде жоламау деген әңгіме емес, оны орнымен пайдалануда. Теле­дидар - адамзаттың ұлы жетіс­тіктерінің бірі. Көпшілік жұмыс­тан кейін үйге келіп таңдаған бағ­дарламаларын, сериалдарын рақаттанып көреді. Бір жаман жері - ол адамдарды үйге жіпсіз бай­­лап қояды. Уақытының бәрін ала­ды, онымен қоймай, денсау­лы­ғына залал келтіреді екен. Соның арқасында біз «Наурыз» сияқты жаппай тойланатын мерекелерге қатысуды ұмытып барамыз, қо­ғамдық, саяси, спорттық, мәдени шаралардың қайнаған ортасын­да жүре алмаймыз. Айналамызда болып жатқан барлық жаңалық­тар мен әртүрлі оқиғалардың барлы­ғын теледидар арқылы үйімізге әкеліп бергенін қалаймыз. Бірақ одан бізге зиянынан басқа, еш­қандай пайда жоқ екенін де тү­сінуіміз керек.

Ересек адамдарға пайдалы кеңес беру болмаса, үйреншікті әдеттерінен айыру қиын екендігін ғалымдар жақсы түсінеді. Алайда, өздерінің денсаулықтарын ойла­маса да балаларының денсаулы­ғы­на көңіл бөліп, көгілдір экраннан келетін кеселдердің алдын алған жөн. Ол үшін оның пайдасы мен зияндарына зерттеулер жүргізген ғалымдардың беретін кеңесіне көңіл аударайық:
1. Кейбіреулер үйіне келе са­лып, теледидарды қосуды әдетке айналдырған немесе оны жарық үшін (фон) пайдаланады, теле­ди­дарды қажеті болмаса қоспаңыз;
2. Көретін бағдарламаны мұ­қият таңдаңыз. Егер өзіңіздің көңіл күйіңіз қаламайтын болса, ашу-ыза шақыратын бағдарла­маларды қарамаңыз. Балалары­ңыз көріп отырған фильмдер мен бағ­дарламаларды және олардың кө­гілдір экран алдында қанша уақыт отыратынын қадағалаңыз;
3. Белгілі бір жасқа келгенше жасөспірімдер теледидар экра­нында болып жатқан оқиғаларды түсіндіруді қажет етеді. Теледидар­ға тегін тәрбиеші деп қарамау керек, баланы оның алдына жал­ғыз отырғызып қоюға болмайды. Балалар үшін тәрбиелік мағына­дағы отбасылық бағдарламалар­ды таңдап көрсету керек. Егер бала тәулігіне екі сағаттай теледидар қараса, одан ешқандай зиян кел­мейді. Керісінше, ол бұдан өзіне пайдалы мағлұматтар алады, өзіне жаңалықтар ашады. Ал енді кө­гілдір экран оның жалғыз ғана до­­сына айналса, одан келер қауіп бар. Оның кері әсерін көп ұза­май өзіңіз де байқайтын боласыз.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

"Айқын" газеті

0 пікір