Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
3098 0 пікір 29 Қазан, 2019 сағат 12:33

Өмүрбек Текебаевты үйқамақта ұстау мерзімі тағы екі айға созылды

Бішкектің Бірінші май аудандық сотының шешімі бойынша, "Атамекен" партиясының лидері Өмүрбек Текебаев және бұрынғы министр, экс-елші Дүйшөнкул Чотоновтың бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды.

28 қазанда судья сотталушылардың бұлтартпау шарасын тағы екі айға ұзартты.

Жоғарғы сот биыл 21 тамызда істі жаңа ашылған жағдайларға байланысты қарап, бұрынғы шешімдердің бәрін жоққа шығарған және Текебаев пен Чотоновты сот залынан босатқан.

Іс аудандық сотта екі бұрын қарала бастап, сотталушылардың бұлтартпау шарасы үй қамағы деп анықталған.

Текебаев пен Чотонов "ресейлік азамат Леонид Маевскийден пара алды" деген куәлік негізінде 2017 жылы әрқайсысы сегіз жылға сотталған. Айыптаушы тарап оқиға 2010 жылдың 13 мамырында Бішкекте болғанын келтірген.

Сот процесі кезінде екі саясаткер өзіне қарсы істі сол кездегі президент Алмазбек Атамбаев билігінің қуғындау әрекеті деп бағалаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1463
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1316
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1069
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1119