Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
5116 3 пікір 28 Қазан, 2019 сағат 11:04

Наманганда Қызыл кітапқа енген қоңыр аюды атып тастады

Өзбекстанның Наманган облысындағы Гова ауылында 14 қазанда салмағы 300 келі болатын қоңыр аюды атып тастады.

Наманган облысындағы эко-белсенді Марат Наумовтың айтуынша, қоңыр аюдың Гова ауылында жүргені туралы облыстық басқармаға хабарланған, бірақ мекеме ешқандай шара қолданбаған.

"Аюды күні бойы қорада қамауда ұстады. Басшылық оны ұйықтатып, сосын тауға апарып тастауды, болмаса хайуанаттар бағына тапсыруды ұсынған. Бірақ облыста аюды ұйықтататын дәрі табылмады. Сосын екі аңшы аюды атып тастаған" деді Наманган облысы аңшылар бірлестігі төрағасының көмекшісі Анваржон Достонов.

"Қоңыр аюды Гова ауылының тұрғыны Гүлбахор Миразахмедова көрген. Аю оның ауласында екі аяғымен тік тұрған. Әйел оған тас лақтырған соң, аю қораға қашып кірген. Тұрғындар оның есігін жауып, жарты күн күткен. Сосын екі аңшы келіп, оны атып тастаған" деді эко-белсенді.

Қоңыр аю Халықаралық қызыл кітапқа енгізілген. "Өзбекстанда 200-250 қоңыр аю бар. Қазір одан да аз. Қоңыр аюды Тянь-Шань аюы деп те атайды. Қоңыр аюды өлтіруге тыйым салынған".

Өзбекстанда үкімет қаулысы бойынша, қоңыр аюға зиян тигізгендерге 840 мың сум (шамаен 90 доллар) айыппұл салынады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2494
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2103
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608