Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
3407 1 пікір 25 Қазан, 2019 сағат 11:34

Ресей Сирияға қосымша әскери полиция жөнелтеді

Бір аптадан кейін Сирияға қосымша 276 ресейлік әскери полиция және 33 техника жөнелтіледі. Бұл туралы "РИА Новости" Ресейдің қорғаныс министрлігіндегі дереккөзіне сүйеніп мәлімдеді. Оның айтуынша, Сириядағы ресейлік контингент “жаңа бұйрыққа" байланысты көбейеді.

Осы аптада Ресей мен Түркия президенттері Сочиде кездесіп, 10 пункттен тұратын меморандумға қол қойған. Оған сәйкес, 23 қазаннан бастап 32 шақырымды түзетін буферлік аймаққа ресейлік әскери полиция мен Сирия үкіметінің шекарашылары кіргізілді. Күрд әскері бұл жерден 150 сағат ішінде шығып кетуі тиіс.

Түркия Сирияның солтүстік-шығысындағы әскери операциясын 9 қазанда бастаған. Ресми Анкара шекарасынан әрі қарай 32 шақырым аралықта қауіпсіз аймақ құрып, ол жерге сириялық екі миллион босқынды орналастыруды көздеп отырғанын мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2435
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2013
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1586