Сенбі, 18 Мамыр 2024
3651 0 пікір 24 Қазан, 2019 сағат 22:15

Қызылорда мектептерінің 60%-ы жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген

Қызылордада 46 инновациялық мектептер желісі құрылып, ғылыми-инновациялық, математикалық жобалау және робототехника бағыттары дамуда.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

«Облыста барлық мектептер кең жолақты интернет желісіне қосылып, цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс жасауда. Шағын жинақталған мектептер оқуға қажетті «BilimBook» кешендерімен толық қамтамасыз етілген. Аймақ мектептерінің 60%-ы жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілсе, компьютерлер 100 пайызға жаңартылды. Мектептерде «STEM» бағдарламалары енгізіліп 43% робототехника кабинеттерімен жабдықталды», - деді Майра Мелдебекова.

Сондай-ақ, биылғы оқу жылында Арал ауданында облыстық дарынды балаларға арналған жаңа мектеп-интернаты құрылды.

Ендігі міндет – түлектердің әлемнің ең үздік оқу орындарынына түсуге жағдай жасау. Ауыл мен қала мектептері арасындағы сапа айырмасын болдырмау.

Бұл мақсатта мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын кезең-кезеңімен жалғасады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646