Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
1857 0 пікір 11 Қазан, 2019 сағат 21:36

Қызылорда облысында «Пара берме» акциясы өтуде

Қызылорда облысында Республикалық «Пара берме» акциясы өтуде. Мақсаты әрбір азаматты пара алу және пара беруден сақтандыру.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ғалия Әлімқұлова баяндады.

«Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен парақорлық фактілері бойынша 53 қылмыстық іс тіркелді. Оның 50 пайызы ауыр қылмыстар қатарына жатады. Пара беру фактілері бойынша 21 қылмыс анықталған, олардың 19-ы сотқа жолданды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, біздің өңірде парақорлық деректері - халықты әлеумттік қорғау, білім беру, ішкі істер агенттіктері және аудан әкімдіктері мекемелерінде кездесіп отырған», - деді Ғалия Убайдуллақызы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, пара алғаны үшін кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның сексен еселенген сомасына дейінгі мөлшерінде айып пұл салынады.

Пара беруші мен пара алушының арасындағы жазадағы айырмашылық соншалықты көп емес, сондықтан азаматтар заңды бұзбас бұрын осыларды білуі тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2103
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608