Сенбі, 18 Мамыр 2024
2558 0 пікір 24 Қазан, 2019 сағат 10:52

Трамп Түркияға салған санкцияны алды

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Түркияға салған санкцияны алып тастағанын мәлімдеді.

Трамптың сөзінше, Түркия Сирияның солтүстігіне әскери операциясын тоқтатқан. Бірақ тағы бірдеңе бола қалған жағдайда, санкцияны қайта енгізуі мүмкін екенін ескертті.

Президент Құрама Штаттардың күш салуы арқасында ғана, әскери соғысты тоқтатуға мүмкін болды деп атап өтті.

Трамп сонымен бірге Сирия солтүстігінен АҚШ әскерін алып шығу шешімінің дұрыс екенін тағы жеткізді. Енді бұл елде соғыстың болмауына өзге елдер жауапты болуы тиіс деді ол.

Осының алдында Түркия мен Ресей Сирияның солтүстік бөлігін бірлесіп бақылау жөнінде келісімге келген. Оған сәйкес, Түркиямен шекаралас аумағын түрік тарабы қадағаласа, қалған жеріне Ресей әскері кіргізілмек.

АҚШ Конгрессіндегі екі партияның танымал саясаткерлері Трамптың Сирия аумағынан әскерді шығару шешіміне қарсы болған.

АҚШ президенті сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Сирияның шығысындағы мұнай қорын күзету үшін аз ғана америкалық әскер қалатынын айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2136
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2306
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1649