Жұма, 17 Мамыр 2024
4185 11 пікір 23 Қазан, 2019 сағат 12:25

Назарбаевтың шетелдік сапарларын мемлекет төлейді

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік сапарларын енді мемлекет төлейтін болады, деп жазады Stan.kz.

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы «Өкілдік шығыстар» үлестірілген бюджеттік бағдарламаны тарату ережесін бекіту туралы» бұйрығына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Құжатқа сәйкес, өкілдік шығыстар енді келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджетте қарастырылған және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шетелдік делегацияларды қабылдауға, жиналыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, гала және ресми іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ өкілдік мақсаттар үшін бөлінген қаражат.

Қазақстан Республикасы президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті елбасының, Қазақстан Республикасының премьер-министрінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының шетелдік сапарлары халықаралық байқаулар миссиялары құрамындағы шет мемлекеттердегі сайлауға Қазақстаннан байқаушылар жіберілгенде республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Бұрын өкілдік шығындарды анықтауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы сөз болған жоқ.

Нәтижесінде, «Өкілдік бағдарламалар» бөлінген бюджеттік бағдарламаны тарату ережелеріне қосымша тиісті өзгерістер енгізілді.

Мәселен, қазір бірқатар шенеуніктердің шетелдік сапарларына өкілдік шығындар (күніне АҚШ долларымен): Қазақстан Республикасының президенті - 5 мың, елбасы - 5 мың, Қазақстан Республикасының премьер-Министрі - 3 мың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - 2,5 мың, Қазақстан Республикасының мыртқы істер министрі - 2 мың.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2118
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2231
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1632