Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 4058 4 пікір 23 Қазан, 2019 сағат 12:20

Экономикамыз әлсіз боп тұрғанда, ешқандай экономикалық одаққа кірмеуіміз керек еді

Мен кез келген одақта экономикасы біршама дамыған ел ұтады деп айтамын.Еуроодақта да тап осылай болған еді. Пайданың көп бөлігін Германия мен Франция иемденді, ал ең көп зиянға ұшыраған PIGS елдері (Португалия, Италия, Греция, Испания) болды. ДСҰ да солай. ДСҰ-ға кірген кезде экономикасы біршама дамыған елдер үнемі ұтады. Қалғаны қосалқы шикізат көздері болып қалады. Бұл тұрғыда, Қытай бәрінен де дұрыс істеді, өзінің ішкі өндірісі мен экономикасын тіктеп алғанға дейін ДСҰ-ға мүше болмады.

Қытай АҚШ-та өз компанияларының экспорттары әрқашан тиімді болу үшін валютасын үнемі әлсіретіп отырғандықтан, әлі күнге дейін Америкамен текетіресіп келеді.

Экономикамыз әлсіз болып тұрғанда адами капиталды дамытып, барынша отандық ішкі өндірістерді қорғап, валютаны біртіндеп әлсіретіп, сондай-ақ экономикасы біздікінен мықты елдермен ешқандай экономикалық одаққа кірмеуіміз керек еді.

Марғұлан Сейсембайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір