Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
46 - сөз 4788 6 пікір 22 Қазан, 2019 сағат 13:34

Алғашқы Президентіміз Әлихан Бөкейханның суреті әр мекемеде ілінетін сәт туады

Жарыса жазатын жаңалық деп осыны айту керек. Қазақтың қаймағы, Ұлт көсемі, алғашқы Президентіміз Әлихан Бөкейхан бабамыздың жас кезіндегі суреті табылыпты.

Бұл суретте шамамен 30-31 жаста екен. Суретті тапқан жандарға алғыс білдіремін.

"Мына әнші бала кезінде қандай болған", "мынау әртістің балалық шақтағы суретін қараңыз" деп түкке тұрмайтын біреулерді жазатын сайттар, Әлекеңнің осы суреті жайлы бір мақала жазса дұрыс болар еді. Әзірге e-historyдан ғана оқыдым.

Осы суретті өңдеп, тұнық етіп шығарса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені болашақта әр мемлекеттік мекемеде Әлекеңнің суреті ілінетін сәт туарына сенемін.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар