Сенбі, 27 Сәуір 2024
Интернет конференция 7840 36 пікір 17 Қазан, 2019 сағат 13:06

«Абайдың» қонағы - Дархан Төленұлы Әбдік

Құрметті оқырман! «Abai.kz» ақпараттық порталы тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан интернет-конференцияның келесі тақырыбы - қазақ қоғамындағы орын алып жатқан өзекті қоғамдық-саяси, рухани-мәдени оқиғаларға арналмақ.

«Абайдың» келесі қонағы - белгілі журналист, «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Парасат майданы» жобасының авторы әрі жүргізушісі Дархан Әбдік.

Жуырда Дархан Төленұлы Әбу Насыр әл-Фараби туралы «Өркениет шырақшысы» атты деректі фильм түсіру мақсатында Шам шаһарына сапарлап қайтқан еді.

Сұхбат барысында сол Сирия сапары мен деректі фильмнің түсірілім жұмыстары туралы егжей-тегжейлі әңгімелесетін боламыз.

Ал порталымыздың спикері Дархан Әбдіктің ашық сұхбаты мен сіздер қойған сауалдың жауабы «Abai.kz» ақпараттық порталында жарияланатын болады!

Қонаққа қояр сауалдарыңыз бен айтар ойларыңыз болса, мархабат, мәртебелі оқырман!

Abai.kz

36 пікір